astana-view

Жыл басынан бері кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірген 11 полиция қызметкері жазаланды

2021 жылғы 13 Шілде
- Қарағанды облысы
6932 просмотров

Қарағанды облысының бизнесмендері полиция қызметкерлері мен мобильді топ мүшелерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануда

 Зардап шеккендер арасында облыстың қалалары мен аудандарынан келген кәсіпкерлер бар. Бұл мәселе Серік Төрегелдиннің төрағалығымен Қарағанды облысы ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

 Күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылды. Қарағанды облысы полиция департаментінің жергілікті полиция басқарма бастығының орынбасары Арман Оразбаев кәсіпкерлерге қатысты полиция қызметкерлері тарапынан бұзушылықтарға жол бермеу бойынша кеңес шешімінің орындалуы туралы баяндама жасады. Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішіп жасаған қылмыстарына баса назар аударған. Статистикаға сәйкес мұндай жағдайлар саны азайған, егер 2016 жылы 16 факті тіркелсе, былтыр екі жағдай ғана тіркелген.

 «Жасөспірімдер арасында және ішімдік ішіп алып жасалатын қылмыстарды алдын алу бүгінде ерекше бақылауда. Полиция департаменті алкогольдік жағдайда жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша шаралар кешенін жіберді. Оның ішінде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь және темекі өнімдерін сатудың заңсыз фактілері орын алған. Полиция органдары осындай 220 бұзушылықты тіркеді. Мобильді топтардың жұмысы оң нәтиже беруде», – деп атап өтті Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбаев.

 Кеңес мүшелері полиция қызметкерлері өздерінің қызметін асыра пайдалану фактілердің барын атап өтті. Олар кәсіпкерді ұстап алу үшін дүкендерге жасөспірімдерді арақ, темекі сатып алуға жібереді.

 «Биыл жыл басынан бастап Қарағанды облысы полиция департментінің 11 қызметкері жазаланды. Бұл ретте полиция қызметкерлері кәсіпкерлердің заңды ұстануы бойынша үлкен жұмыс атқаруда», – деп атап өтті Кәсіпкерлердің құқытарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Серік Төрегелдин.

 Әдетте спирттік сусындар қолданыстағы заңманы бұзып сатылады. Статистка мұндай сауда нүктелерін жабу қылмыс деңгейін азайтатыны көрсеткен. Кеңестің міндеттерін орындауда полиция қызметкерлері тарапынан бұзушылықтарға жол бермеу үшін бірқатар шаралар қабылданды. Сондай-ақ Қарағанды облысында волонтерлік қозғалыс туралы меморандум жасалды. Бұл полиция жұмысының ашықтығына және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға ықпал етеді.   

 Бұдан бөлек, кеңес мүшелері жер құқығына қатысты құқықтық арақатынастарға байланысты түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл бағытта ақпаратты Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Тайхан Қалмаған берді. Кәсіпкерлерден жерге қатысты көп өтінім келіп түседі.

 Сондай-ақ, кеңес отырысында Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қаласындағы филиалы директорының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 118 адамнан өтініштер келіп түсті. Кәсіпкерлерге 224 кеңес берілді. Оның 82-сі заңгерлік саласында. Өз құқықтарын қорғау үшін Шахтинск аймағының сегіз кәсіпкері Палата филиалы көмегіне жүгінді. Көптеген мәселелер шешілді. Екі мәселе шешілмеген, олар Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің келесі отырысында қаралатын болады.

 Жиын соңында кеңес мүшелері жерлеу қызметі саласында жұмыс істейтін кәсіпкердің өтінімі қаралды. Баяндаманы кеңестің мүшесі Ж. Алдоңғаров оқыды. Бұдан бөлек кеңес мүшесі Н.Трифонованың сұрауы бойынша кеңеске Хатшылықтың «Жартас-Көмір» ЖШС, О.Горбунов ЖК өтініштері бойынша ақпараты берілді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер