astana-view

Мемлекет Ashyq жобасын пайдаланатын бизнесті қолдауы тиіс – Президент

2021 жылғы 19 Шілде
2708 просмотров

Мемлекет Ashyq-ты пайдаланатын бизнесті қолдауы тиіс. Бағдарлама өз мақсатын ақтады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте айтты.

11 шілдеде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін Ashyq жобасына қосылу талаптарын оңайлатуды ұсынған болатын. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты орындауды үкіметке тапсырды. 

Кәсіпкерлік нысандарын Ashyq пайдаланатын тізімдерге қосу ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар Кәсіпкерлік нысандарын Ashyq-қа қосу ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар.  Бұл жүйенің операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болғанына қарамастан, объектілерді тізімге қосу талаптарын оңайлатуды қайта қарау қажет. Үкіметтен осы мәселені шешуді сұраймын. Біз пандемия жағдайында өмір сүріп, жұмыс істеуді үйренуіміз керек. Бұл бизнес пен тұтынушылар үшін Ashyq цифрлық шешімінің арқасында мүмкін болып отыр. Бағдарлама (Ashyq  – авт.) өз мақсатын ақтады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ashyq талабын орындамайтын кәсіпкерлерді қатаң жазалау керегін атап өтті.

«Екінші жағынан, мұндай мониторинг шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалау керек. Бұл мәселені әкімдер ерекше бақылауға алуы тиіс. Сонымен қатар, соңғы уақытта жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар саны артып жатыр», – деді Президент.

Мемлекет басшысы коронавируспен күрестің жалғыз жолы вакциналау екенін атап, кәсіпорындарда ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызына тоқталды.

«Вакциналау мәселесінде отандық бизнестің ынтымақты ұстанымы өте маңызды. Өйткені, ұжымдық иммунитетке қол жеткізбестен, бизнес үшін санитарлық шектеулерді толығымен алып тастау мүмкін емес. (...) Біз барлық құрал, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы оларды (вакцинаның маңызын – авт.) сендіруіміз керек. Батыстың кейбір дамыған елінде сендіру әдістері мәжбүрлеу шараларына ауысты. Тек ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, біз мұндай шараларды қабылдамаймыз», – деді Президент.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 14 шілдеде үкіметке бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынған болатын. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бүгінгі кеңесте Ұлттық палатаның бірқатар ұсынысы қабылданды.

Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Ashyq жобасы арқылы анықталып жатқан фактілердің азаймай отырғанын бірнеше рет хабарлаған болатын. Осы уақытқа дейін жобаға 18 014 нысан қосылған.  Жоба аясында адал қызмет атқармай отырған, яғни келушілердің статус тексермей отырған 1588 бизнес субъекті жобадан шығарылды. «Атамекен» кәсіпкерлерге Ashyq жобасының тиімділігін әрқашан түсіндіріп, бизнесті адал атқаруға шақырып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер