astana-view

Бизнес өкілдері арасында «Жыл кәсіпкері» байқауы өтеді

2021 жылғы 26 Шілде
1768 просмотров

Қазір EY («Эрнст энд Янг») халықаралық бағдарламасының кезекті ұлттық кезеңі – «Жыл кәсіпкері» байқауы өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен кәсіпкерлер қатыса алады.

Оларға халықаралық және қазақстандық іскер топтардың беделді өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы баға береді.

Конкурс ашық өтеді. Кез келген мүдделі кандидат – қазақстандық кәсіпкер қатысу шарттарымен танысып, 2021 жылғы 31 қазанға дейін өтінім бере алады.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлерден ақшалай жарна талап етілмейді.

Халықаралық конкурстың қазақстандық кезеңінің қорытындысы 2022 жылғы ақпанда шығарылады. Финалға шыққан үздіктердің есімін атау үшін Алматы қаласында салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Олардың арасынан ұлттық жеңімпаздың аты белгілі болады.

Ұлттық жеңімпаз Қазақстан Республикасын 2022 жылдың маусымында Монакода өтетін халықаралық финалда таныстырады. Бағдарлама жеңімпазға кәсіпкерлердің беделді қоғамдастығының мүшесі болуға, өз бизнесін дамыту үшін жаңа идеялар алуға және өзінің табысын тек Қазақстанда емес, халықаралық аренада танытуға мүмкіндік береді.

Конкурсқа қатысушыларға мынадай талаптар қойылады:

  1. Қатысушы (компания) Қазақстанда құрылуы (тіркелуі) және негізгі қызметін Қазақстан аумағында жүргізуі тиіс;
  2. Қатысушы атынан конкурсқа компанияның негізін қалаушы немесе меншік иесі (мажоритарлық акционер) қатыса алады. Мажоритарлық акционер (немесе құрылтайшы) келіскен жағдайда бизнестің үлесін 20%-дан астамын иеленетін кәсіпкердің қатысуына жол беріледі;
  3. Егер компанияны бірден көп кәсіпкер құрған және екі (немесе одан да көп) іскерлік серіктес қазіргі уақытта кәсіпорынның жұмысы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алатын болса, онда конкурсқа қатысуға бизнестің негізін қалаушылардың/меншік иелерінің бірі де, 2-3 адамнан тұратын іскерлік серіктестер командасы да, бірақ одан көп емес адам да ұсыныла алады;
  4. Қатысушының (кәсіпкердің) компаниясы кем дегенде соңғы 2-3 жыл ішіндегі жұмысы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алып, бизнесті басқаруға белсенді қатысуы тиіс;
  5. Қатысушының (кәсіпкердің) компаниясы кем дегенде 10 қызметкерді жұмыспен қамтуы тиіс;
  6. Қатысушы кәсіпорынға/компанияға конкурстың негізгі аталымына қатысу үшін кемінде 5 жыл болуы тиіс. Бұл ретте компанияның соңғы екі жылдағы жыл сайынғы табысы 110 млн теңгеден асуы керек.

Сондай-ақ, 6-тармақты қоспағанда, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер «Инновациялық стартап» аталымына үміткер бола алады. Бұл аталым үшін құрылғанына 2 жылдан асқан компаниялар қатысады.

Компанияның таза табысы болмауы мүмкін, бірақ тұрақты қаржыландыру көзі мен инновациялық/технологиялық құрамын көрсетуі керек. «Инновациялық стартап» аталымының жеңімпазы конкурстың ұлттық кезеңінде басты жеңіске жетуге үміттене алмайды – бұл үшін бағдарламаның барлық алты талабына сәйкес келу керек.

Байқау туралы толығырақ https://www.ey.com/ru_kz/eoy/event-program сайтынан біле аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер