astana-view

Дәрілік заттарды таңбалау процесі таныстырылды

2021 жылғы 02 Тамыз
3965 просмотров

29 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында отандық ең ірі дәрі-дәрмек дистрибьюторларының бірі базасында ҚР ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен көшпелі кездесуі өтті.

 Кездесу барысында дәрілік затты заттаңба жапсыру әдісімен таңбалау процесі және оның көліктік қаптамасына салынуы көрсетілді. Ары қарай  қаптама  сәйкестендіру құралдарымен сканерлеу және тану арқылы таңбалаудың соңғы кезеңін (айналымнан шығару) аяқтау үшін денсаулық сақтау мекемесіне жеткізіледі.

 Дәрілік заттың дистрибьютордан тиелгенінен бастап ауруханаға жеткізілуіне дейінгі жолы қаптамадағы арнайы код арқылы Тауарларды таңбалау және бақылаудың ақпараттық жүйесінде көрінеді, осылайша препарат қозғалысының ашықтығы қамтамасыз етіледі.  

 Заттаңба жапсыру процесінің демонстарциясы кезінде қойма өкілдері мұндай процедура үлкен қоймалар үшін қолайсыз екенін айтты, өйткені ол қосымша уақыт пен кадрлық ресурстарды қажет етеді, сонымен қатар термолабильді препараттарға (яғни белгілі бір температураның әсерінен қасиеттерін өзгерте алатын дәрілер) жарамсыз.

«Қазақтелеком» АҚ өкілдері термолабильді дәрілік заттарды, соның ішінде вакциналарды таңбалауды өндіруші өзі жүргізетінін, ал препараттардың үлкен көлемін заттаңба жапсыру процесі толық автоматтандырылған жабдығы бар қоймаларда жүзеге асырылатын айтты. Мұндай қоймалар Қазақстанда әзірге жоқ.

«Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасының  кедендік шекара аумағында Ресей Федерациясының тәжірибесіне ұқсас препараттарға заттаңба жапсыру үшін автоматтандырылған жабдықпен жарақтандырылған үлкен қоймаларды орналастыру жоспарланған.

 Жоғарыда аталған мәселелер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Цифрлық даму министрлігі, ҚР ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ-тың жобалық кеңсесі алаңында талқыланады.

 Анықтама үшін: қазіргі кезде Қазақстанда 2019 жылдан бері іске асырылып жатқан және аяқталуға жақын қалған Дәрілік заттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба аясында отандық өндірушілер препараттарының 2,5 мың қаптамасы таңбаланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер