astana-view

«Бастау Бизнес» аясында 151 мыңнан аса қазақстандық кәсіп бастауды үйренді – Нариман Әбілшайықов

2021 жылғы 16 Тамыз
1653 просмотров

Осы уақытқа дейін «Бастау Бизнес» бойынша 44 362 жоба іске қосылды және 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Мұндай статистиканы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифингте айтты.

Палата өкілінің мәліметінше, 2017-2020 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 151 528 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқыған. Олардың ішінен 4 жылда 44 362 жоба іске қосылды (29%). Оның 36%-ы   микронесиелер есебінен және 64%-ы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру есебінен білім алды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар 59 % (26 132) және бизнестің ауыл шаруашылығы емес түрлері (қызметтер, сауда, өндіріс) – 41 % (18 231).  Ал 2021 жылы 30 мың жұмыссыз азаматты онлайн форматта оқыту жоспарланған. Оқудың бірінші легіне өтінім 26 сәуірде қабылданды.

Нариман Әбілшайықов тұрғындар тарапынан сұраныс көп болғандықтан, жоспарланған көрсеткіштен көп адам оқытылған.

«30 188 адам оқытылды, бұл жоспардың 101%-ын құрайды. Жоспарлы санның асып кетуі өңірлерде оқуға нақты қажеттілікке байланысты, осыған байланысты үміткерлердің қосымша санын оқыту туралы шешім қабылданды. 30 188 оқуды аяқтағандардың ішінен 19 261 жұмыссыз (64%), 8 733 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (29%) және 2 194 (7%) - ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер», –  деді ол.

Сондай-ақ, қатысушылардың 14 756-ы (49%) әлеуметтік осал топтарға жатады:

  • NEET санатындағы жастар -  8 630  (28,6%),
  • көп балалы тұлғалар / отбасылар 3 446  (11,4%)
  • 1 902 аз қамтылған отбасы (6,3%)
  • 778 еңбекке қабілетті мүгедектер (2,6%).

Сонымен қатар, Нариман Әбілшайықов «Бастау Бизнес» жобасында оқыған түлектерге жаңа мүмкіндіктердің беріліп жатқанын атап өтті.

«Яғни, алдағы күндері пандемия уақытында зардап шеккен жоба түлектері төмен пайызбен несие рәсімдей алатын болады. Оқыту микронесие берумен байланысты жүргізіледі. Бұл оқытуды, микроқаржыландыруды, жобаларды сүйемелдеуді қамтитын тұтас бір экожүйені құруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Республика бойынша барлығы 15 микроқаржы ұйымы ашылды (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа). Оларға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиялары берілді. Барлық Микроқаржыландыру ұйымдары 15 шілдеден бастап өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазіргі уақытта 3,0 млрд теңгеден астам сомаға 600-ге жуық өтінім қабылданды.

«Бастау Бизнес» жобасының түлектері әрқашан мемлекеттің қолдауын сезінеді. Міне, қазір де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының арқасында биылғы және өткен жылдардағы оқытуға қатысушыларды қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінді. Біз ЖАО-мен бірлескен микроқаржылық ұйымдар желісі жылдық 6%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша микрокредиттеудің қолжетімділігін арттыратынына сенімдіміз. Сонымен қатар несиені өтеу кезінде демалыс кезеңі де қарастырылған», – деп толықтырды Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, Ұлттық палата өкілі осы жылдың қыркүйек айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 8 жыл толатынын және осы уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 12 мың 700-ден аса кәсіпкерлік субьектінің заңды құқығы мен мүддесін қорғағанын атап өтті. Кәсіпкерлердің 230 млрд-қа жуық мүлкі қорғалды. Осы аралықта 874 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 млн 600 мыңнан аса «Сервистік қолдау» көрсетілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер