astana-view

Вакцина салдыруға ынталандыру

2021 жылғы 18 Тамыз
6286 просмотров

Елордалық бизнесмендер вакцина салдырған клиенттер үшін тауарлар мен қызметтерді жеңілдікпен ұсынады. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда ойын-сауық орталықтардың бірі «Абу Даби Плаза» вакциналауды қолдау үшін екі ай қатарынан ауқымды акция өткізіп жатыр. Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан вакциналау пунктінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған клинеттер үшін бірқатар бутик пен дүкен тауарлар мен қызметтеріне 10-нан 50%-ға дейін жеңілдік ұсынады.

«Бастамамызды жалға алушыларымыздың барлығы дерлік қолдады. Олардың әрқайсы сауда орталығында вакцина салдырған келушілерге жеңілдіктер ұсынады. Арнайы ұсынысты екі рет – бірінші компонент немесе екінші компонент қабылдарда пайдалануға болады», – деп хабарлады СОО жалға алушылармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Евгения Гриценко.  

«Якитория» мейрамханасының басқарушысы Жанар Құрманаева мұндай ұсынысты мейрамханада он шақты клиент пайдаланғанын айтты. Вакцина салдырған келушілерге мейрамахана 10%-дық жеңілдік ұсынады. Жанар Құрманаева «Якитория» мейрамханасы қызметкерлерінің барлығы – 100-ге жуық адам вакцина салдырғанын атап өтті.

«Бұл пандемияға қарсы қажетті шара деп санаймыз», – дейді басқарушы. 

Келушілер қарасы аз шағын бизнес те вакциналау процесіне қолдау білдіріп, елорда тұрғындары мен қонақтарына арнайы ұсыныстар әзірлеуге дайын. 

«Монша кешенімізде 10 қызметкер жұмыс істейді, барлығы вакцина салдырды. Біз де халықты ынталандырып, келушілер санын арттырып, қауіпсіздікті күшейту үшін қызметімізге жеңілдік көрсетуге әзірміз», – деді «Рейка» монша кешенінің директоры Таир Ауталипов.

Елордада вакциналау пунктері «Хан Шатыр», Meqa Silkway, Keruen, Asia Park, «Абу Даби Плаза» атты ірі сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер