astana-view

«Ұлы дала елі»: өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күн қалды

2021 жылғы 27 Тамыз
3052 просмотров

1 қыркүйекте «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену құқығын беру байқауына өтінім қабылдау аяқталады.

Байқаудың негізгі мақсаты – отандық компанияны ынталандыру және экспортқа шығаруда сапасы жоғары өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ брендімен таныстыру, шетелдегі танымалдылығын арттыру.

«Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарыққа шығарып отырған отандық үздік тауар өндірушілерге табысталады.

Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы қажет:

  • Экспорт көлемінің үлесі өнімнің бір түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем емес;
  • Тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);
  • Халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүше болу;
  • Лицензия, рұқсат, патенттердің болуы;
  • Халықаралық марапатар, дипломдардың болуы;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша (бизнесті жауапты жүргізу) қаржылай емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы;
  • Сауда маркасының танымалдылығы, берілген портфолио бойынша компанияның жағымды имиджінің қалыптасуы (мақұлданады).

 Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, оған қойылатын талап:

  • Нарықта кемінде 3 жыл қызмет атқаруы керек;
  • Таратылу кезеңінде емес, банкрот деп танылмаған;
  • Өтінімде дұрыс мәліметтерді көрсеткен;
  • Комиссияға кәсіпорынмен танысуға мүмкіншілік жасау (кәсіпорынның қаражаты есебінен).

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан қолдау тапты. Осыған байланысты бесінші жыл қатарынан экспорттаушылар үшін «Ұлы дала елі»ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауы ұйымдастырылып келеді. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (көрсетілетін қызметтер) өндірумен айналысатын және өнімнің расталған экспорты бар заңды тұлғалар қатысады.

 Толығырақ мәліметтерді www.ulydalaeli.kz сайтынан алуға болады. Анықтама ақпарат: 87172919300 (ішкі: 1838).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер