astana-view

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» мектептерде міндетті пән болуы мүмкін

2021 жылғы 03 Қыркүйек
7062 просмотров

Егер мектеп 2021 жылғы тамызда жаңартылған мазмұнда жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын таңдаса, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» міндетті пән болады.

Бұл пән «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында міндетті пәндер қатарына қосылып, оқу жылында 34 сағат (аптасына 1 сағат) оқытылады. Егер оқу орны оқу жүктемесін қысқартумен үлгілік жоспарды таңдаса, онда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» электив пән ретінде қалады – оқы жылында 68 сағат (аптасына 2 сағат).

 Еске салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары сынып оқушыларын кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын педагогтарды дайындау курстарын бастады. 7 шілдеден бері 1129 мұғалім курсқа қатысты.

 Анықтама:

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 2019 жылдың қыркүйегінде мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын енгізді.

 Электив пәні орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждер студенттеріне оқытылады. Оқытушыларды «Атамекен» ҰКП дайындайды. 2021 жылы оқытушыларды дайыдаудың үшінші легі 27 қазан 12 қараша аралығында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер