astana-view

Тимур Құлыбаев мұнай-газ секторының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

2021 жылғы 03 Қыркүйек
6903 просмотров

Құрметті мұнайшылар мен газ саласының мамандары!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Мұнай және газ саласын Қазақстанның ұлттық игілігі деп атайды. Қара алтын мен көгілдір отын – мемлекет экономикасының құрауышы, әлеуметтік тұрақтылықтың мықты негізі.

Мұнай-газ саласының көркеюі, мұнай мұнараларының үздіксіз жұмыс істеуі, құбыр жолдарының мықтылығы – мыңдаған мұнайшының ерен еңбегі, ауызбірлігі, өз ісіне адалдығы мен беріктігінің арқасы. Осындай айтулы күні сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.

 Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметте табыс, береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы

Тимур Құлыбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер