astana-view

«Атамекен» Павлодар өңірлік палатасы көкөніс қоймасының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыруға көмектесті 

2021 жылғы 07 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5782 просмотров

Павлодар облысында картоп пен көкөністерді сақтауға қажетті алаңдар жетіспеушілігінің сұрағын Железин ауданында орналасқан «Самрук и К» ЖШС шешті. Кәсіпорын 6000 тоннаға арналған картоп-көкөніс қоймасын тұрғызды. 

«Кәсіпкерлер палатасының Железин ауданы бойынша филиалы аталмыш серіктестікке сәулет-жобалау тапсырмасына арналған құжаттарды әзірлеумен және көкөніс қоймасының іске қосылуын рәсімдеумен көмектесті» -, дейді Кәсіпкерлер палатасының  Железин ауданы бойынша филиалының директоры Айгүл Уәлиева. 

Жобаланған көкөніс қоймасының жалпы алаңы 2821,1 шаршы метрді құрайды. Ал қоймасының алаңы 2232,9 шаршы метрге тең. 

Кәсіпорынның директоры Тимур Кабдуловтың сөзінше, инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы арқасында осындағы өнімнің үлкен көлемін сақтауға қажетті алаңдардың жетіспешулігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде жоғары кіріс табуға септігін тигізбек. 

«Өңірімізде осыған ұқсас инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы картоп және көкөніс қоймаларының дефицитін қысқартуға әсерін тигізеді. Ал осы қоймалар болса, біздің өңіріміз үшін ауадай қажет!», - дейді «Атамекен» Павлодар облыстық палатасы директорының аграрлық-өнеркәсіп кешені сұрақтары жөніндегі орынбасары Жомарт Сембаев. 

Железин ауданына қарасты Железин ауылдық округіндегі «Самрук и К» ЖШС 2018 жылы құрылған. 
Қызметінің негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы. 

ЖШС егістік жерлерінің жалпы алаңы шамамен 120 гектарды құрайды. 
Картоп және көкөніс өндірісінде кәсіпорын тамшылатып суармалау жүйесін кеңінен қолданады. 
2021 жылы ЖШС өзінің суармалы жерлерінің алаңын қосымша 600 га жерге кеңейткелі отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер