astana-view

Кәсіпкерлер көміртегі бейтараптығына көшуге байланысты экономикалық даму жоспарын көрсетуді сұрайды

2021 жылғы 06 Қазан
4047 просмотров

Кәсіпкерлер мен салалық қауымдастықтар елдің экономикалық даму жоспарын көрсетуді сұрады және даулы мәселелерді пысықтау үшін «ҚР көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу доктринасын (стратегиясын) 2060 жылға дейін қабылдау» құжатын жарты жылға кейінге қалдыруды ұсынды.

Кәсіпкерлер өз алаңдаушылығын «Атамекен» ҰКП алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерімен бірлескен жиын барысында айтты.

«Біздің доктринадағы көмір өнеркәсібінің рөлі алаңдатады. Доктрина көмірден бас тарту шараларын қарастырады, бірақ одан шығатын нақты салдардың толық есептеулерін – сала қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы, энергияны көп қажет ететін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті нишасының жоғалуын ескермейді. Біз Қытайдағы жағдайды, Еуропадағы газдың бағасына қатысты ахуалды көріп жүрміз, АҚШ-та жаңартылатын энергия көздеріне жедел көшу кезінде қандай салдарлар болғаны есімізде. Бізге құжат іске асырылмалы болу үшін осы қателіктер мен қатерлерді пысықтау керек», – деді «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов.

 Спикер Доктрина және экологиялық кодекс арасында үлкен қайшылықтар барын атап өтті. Егер Доктринада көмір генерациясын қысқарту көзделсе және жақсартылған өндірістерді тоқтатуға тура келсе, бизнес кәсіпорындарды жаңарту және ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу қажеттігі барына алаңдайды. Осы ретте Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы мүшелерінің айтуынша, доктринада көмір өндірісін 2 есеге ұлғайту жөніндегі жоба, сондай-ақ Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен көмір өндіру көптеген отбасылардың негізгі табыс көзі саналатын серіктес қалалардың ерекшелігі ескерілмеген.

 «Стратегия, бірінші кезекте отандық экономиканың даму нұсқаларын қамтуы тиіс әлеуметтік-экономикалық құжат. Күн және жел энергиясына өту электр және жылу энергиясына тарифтерді жоғарылатады. Қазақстандық климатты ескерсек, бұл аса маңызды есептеулер. Жоғары тарифтер өнімді бәсекеге қабілеттілігінен айрады», – деп атап өтті «Қазақстан химия өнеркәсібінің одағы» ЗТБ басқарма төрағасының кеңесшісі Қанат Оспанов.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мамандары алдын ала деректер бойынша тариф 24 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл сома ең жақсы қол жетімді технологияларды енгізу шығыстарын ескермейді. Қауымдастықтың экологиялық реттеу департаментінің директоры Асқар Есентаев доктринаның индикаторлары және мақсаттарымен танысқан бизнес өкілдері құжаттың өміршеңдігіне күмән келтіретінін айтты.

 «Көпшілік қойылған мақсаттарға қалай қол жеткізуге болады, бастысы қаражатты қайдан алуға болатынын ойлап жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) үшін резервтік қуаттар қажеттілігі туралы сұраққа жауап таба алмады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша елдің энергия жүйесінде ЖЭК-ті генерациялау үлесі 3%-ға жетті, ал жоспарда 2030 жылға қарай 30% көрсеткіші белгіленген. «КЕGOC» АҚ өкілі мұндай пайыз энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті.

«Жарты жыл жағдайды түбегейлі өзгертпейді. Қазірдің өзінде қаржы институттары көміртегінің бейтараптық саясатын жүргізбейтін компаниялардың жобаларын қаржыландырмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Доктрина Экология министрлігінің жоспарына айналмайды, негізгі қағидаттар мен іс-шаралар министрліктердің негізгі құжаттарына енгізіледі, олар мақсатқа жету үшін шаралар қабылдауы тиіс», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

  Егер Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі мақсатты орындай алмайтынын мәлімдесе, компаниялар «жасыл» стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты әлемдік нарықтағы өз позицияларын жоғалтуы мүмкін. Ол энергетика министрлігіндегі соңғы кездесуде газ генерациясының үлесі 2030 жылға қарай жоспарланған 25% орнына 38%-ды құрайтыны мәлімделгенін хабарлады.

 «Бүгінде елдегі қазіргі жағдайға байланысты газдың кепілдендірілген көлемін және оның бағасын қамтамасыз ету мәселесі ашық күйінде қалып отыр», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

Қазақстанның Ресей немесе Түрікменстанмен газ жеткізу үшін шарттық қатынастар жасайтыны белгісіз.   «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец ұзақ мерзімді келісімшарттар мен көрші елдердің баға саясатын түсінбестен Доктринаны ұсынылған түрде қарастыруға болмайтынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП бизнес-қауымдастықтың позициясын жинақтап, Үкіметке ұсыныстар жібереді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер