astana-view

Туризм индустриясы комитеті саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына нарықтың қосымша ұсыныстарын қарайды

2021 жылғы 07 Қазан
4490 просмотров

Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетімен кездесу барысында сала өкілдері саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына енбеген негізгі мәселелерді атап өтті. Олар: жұмсақ инфрақұрылымды дамыту, «Жанды сабақтар» жобасы арқылы оқушыларды кәсіптік бағдарлау, қолөнер шеберлігін дамыту, дизайн-кодтар.

 «Құжат ҰКП талқылауына үшінші рет салынып жатыр. Әріптестер «жанды  сабақтар» жобасы, Ұлттық парктерді аймақтарға бөлу, цифрландыру, әкімдіктердің рейтингі бойынша нарық ұсыныстарын ескеруге тырысты. Әрине, негізгі іс-шараларды қаржыландырудың болмауы өкінішті. Бізге қалалық ортаға екпін жасау керек, кез келген туризмнің арқауы болуға тиіс және бізге осындай турортаны жасау, сынап көру, маршрутты есептеу, саябақ инфрақұрылымы, жағалаулардың дамуын және тағы басқасын ескеру қажет. Қолөнер шеберлерін дамыту және біріктіру мәселесі, олар үшін платформа құру мүмкіндігі, коммерцияландыру, олардың қызметін стандарттау – осының бәрін Тұжырымдамада бекіткіміз келеді. Сондай-ақ, біз брендинг және дизайн кодтары туралы мәселені көтеруіміз керек. Біздің көршілеріміз: Өзбекстан, Ресей инфрақұрылым, жаңа туристік бағдарламалар, кэшбэк сияқты жаңа шараларды дамытуда алға шықты. Қазірдің өзінде олар курорттар мен тартылыс орындарының аумақтары бірдей стильде, бірыңғай стандарттарда ресімделуі үшін бизнеске талаптар қойып отыр. Біз бұл мәселелерде артта қалып отырмыз», – деп атап өтті «Атамекен»  ҚР ҰКП Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.

Спикер стандартты және ескірген тәсілдерден бас тарту қажеттілігін атап өтті және пандемияның әсерін және онымен бірге ішкі туризмге сұраныстың артуын ескеруді ұсынды.

Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев әдіснамалық сипаттағы мәселелерге тоқталды, сондай-ақ тұжырымдамада сала кәсіпкерлерін қолдау бойынша құралдар аз екенін атап өтті.

 Кәсіпкерлер тұжырымдаманың соңғы редакциясын зерделеп, шешім қабылдауға сала өкілдерін белсенді тартуды ұсынды. Мысалы, Ресейде ашық платформада тұрғындар мен нарық – өтінім беру және дауыс беру арқылы елдегі туризмді дамыту үшін қажетті бастамаларды ұсып, таңдай алады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер кәсіптік бағдар беруде «жанды сабақтар» бөлімін толықтыруды ұсынды.

 «Блоктан оқушыларды кәсіптік бағдарлау мәселесі түсіп қалған, дегенмен гидтер мен кәсіптік бағдар берушілер екі ай ішінде оқушылар үшін сапалы өнім дайындауға дайын. Жақында ол Беларусьтегі әріптестерімен байланысқа шықты, олардың 120 кәсіпорны балаларға арналған мүмкіндіктерін көрсетуге қатысады. Бізде барлық кәсіпорын экскурсияға келісе бермейд», – деді қалалық туризмді дамыту орталығының директоры Татьяна Верницкая.

 «Біз тұжырымдамаға «тұрақты туризм» түсінігін қосу бойынша өз ұсыныстарымзды жібердік. Тұрақты дамудың 17 принципі қисынды әрі туризм дамуына оң әсер береді. Бұл өнім емес, басқару әдісі, дамудың келешектігін көрсететін тұжырымдама», – деді Қазақстан туристік қауымдастық директоры Рашида Шайкенова.

Мәдениет және спорт министрлігі туризм индсутриясы комитетінің өкілі Майя Нагуманова, өз кезегінде комитет туристік нарықтың ұсыныстарын қарауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, комитет сарапшылары «Атамекен» ҰКП-дан үнемі ұсыныстар алады, олардың бір бөлігі саланы дамыту тұжырымдамасында ескерілген. Сондай-ақ, ол цифрландыру, бизнесті қолдау, ілгерілету бойынша негізгі шаралар қарастырудың соңғы сатысында тұрған ұлттық жобаға енгізілгенін атап өтті.

 Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева комитет отырысында айтылған барлық ұсыныстар «Атамекен» тарапынан бейінді ведомствоға жолданатынын атап өтті. Сонымен қатар, бизнес өкілдерімен олардың проблемаларын, туристік өнімдерді анықтау және ұсыныстар жинау үшін өңірлер бойынша кеңестер өткізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер