astana-view

Нұр-Сұлтан қаласындағы блок-бекеттерден тауарларды қалай өткізуге болады. Ереже

2022 жылғы 13 Қаңтар
- Астана қаласы
6644 просмотров

Елордаға азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, шикізат, материалдарды жеткізу коменданттық сағат басталғанға дейін кедергісіз жүзеге асырылады.

 «Нұр-Сұлтан қаласында 2-19 қаңтар аралығында төтенше жаңдай енгізілуіне байланысты қала комендатурасы  күн сайын 23:00-ден 7:00-ге дейін жалғасатын коменданттық сағат кезінде бекеттерден өту үшін қозғалыс тәртібін және бизнес субъектілері көлік құралдарының қозғалыс ережелерін әзірледі. Осы ережелер сақталған жағдайда тауарларды жеткізу кедергісіз іске асырылады. Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кәсіпкерлерге байланыс орталығының нөмірлері бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Комендандтық сағат уақыты кіргенше таымалдаушыларға блок-бекеттерді өту үшін мына құжаттарды көрсету керек:
 1. Жүргізушінің жеке куәлігі;
2. Жүргізуші куәлігі;
3. Жол парағы;
4.Тауар-көлік жүкқұжаты (жүкке жөнелтпе құжаттар).
Сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін комендандтық сағат уақытында үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдар және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдаушылар арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда блок-бекеттерден өте алады.
Сұралатын құжаттар:
1. Жеке куәлік немесе төлқұжат (жүргізуші және қызметкерлер);
2. Жүргізуші куәлігі;
3. Жұмыс орнынан анықтама (жүргізуші шынымен сонда жұмыс істейтінін растау);
4. Егер жүк тасымалы болса, тауар-көлік жүкқұжаты қажет;
5. Жол парағы;
6. Арнайы рұқсат қағазы.
Үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдары қызметкерлерін тасымалдау кезінде төтенше жағдай кезінде жұмыс орнынан растайтын құжатты (жұмыс орнынан анықтама және т.б.) көрсетуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын растайтын құжатта көрсетілген жеткізу мекенжайы мен ұйым сәйкес келуі тиіс. Қызметкерлерді тасымалдау тұрақты бекітілген көлік құралында іске асуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Арнайы рұқсат қағазды алу үшін тасымалдаушылардан талап етілетіні:  
1.      Өтінішті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі аппаратына қолма қол немесе электрондық мекенжайына еркін нысанда жазу, мазмұнында жазылатын міндетті деректер:
1)    заңды тұлғаның атауы;
2)    жүргізуші/жүргізушілер аты-жөні;
3)    жүргізуші/жүргізушілер ЖСН-ы;
4)    көлік құралдарының маркасы мен мемлекеттік нөмірі;
5)    қозғалыс, жүк, тауар (қандай туар екенін белгілеу) тасымалдаудың себебін жазу;
6)    компания қарамағында бірнеше көлік болса және кезекшілікте жүрсе, онда қандай көлік қай уақытта кезекте болатынын белгілеу;
7)    ұйым мөрі мен жетекші қолын қою қажет;
8)    телефон және байланыс деректерді белгілеу.
Қала әкімдігінің қызметкерлері хабарласқан ШОБ субъектілерінің  өтінімдері бойынша күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы комендантының орынбасары – атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарында 13:00-ге дейін кәсіпкерлердің тізбесін бекітеді.  
 Арнайы рұқсат қағазы дайын болған кезде әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге өздері хабарлайды. Арнайы құжатты алуға орта есеппен 2 күн қажет, сондықтан өтінішті алдын ала жіберген жөн.
 Кәсіпкерлерге арналаған жедел желі нөмірлері:
87784101784
87784101736
87784101758

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер