astana-view

Кәсіпкерлер ЕАЭО аясында тауарға СЭҚ ТН кодтарының өзгеруіне байланысты сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ауыстырмауы тиіс

2022 жылғы 20 Қаңтар
8551 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық комиссияға хат жолдап, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН)* кодтары өзгерген кезде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қайта ресімдеу қажеттілігін алып тастауды сұрады.

 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақта сыртқы экономикалық қызметтің жаңа бірыңғай тауар номенклатурасы жұмыс істейді. Онда кодтардың едәуір саны өзгерді. Осыған байланысты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына СЭҚ ТН кодтары бар құжаттарды қайта ресімдеуге қатысты кәсіпкерлерден көптеген өтініш түсіп жатыр.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕЭК-ке жүгініп, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары өзгерген жағдайда сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қайта рәсімдеу қажеттігінің болмауы туралы хатты дайындап, жолдауды сұрады.

 ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар үшін ЕЭК хаты
ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар үшін ЕЭК-ке түсіндірме.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында түсіндірме жарияланған: https://eec.eaeunion.org/comission/direction/texnreg/.

 

* ЕЭК Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және олардың күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер