astana-view

Ұлттық палата «Самұрық-Қазынаға» кәсіпкерлердің ұсынысын жіберді

2022 жылғы 01 Ақпан
4961 просмотров

Осы жылдың 26 қаңтарында «Атамекен» ҰКП өз алаңында кәсіпкерлермен «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынатын сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізуді талқылады.

Кездесуге 300-ден аса кәсіпкер қатысты. Жиында қолданыстағы сатып алу процестерін сынға алу тұрғысынан да, отандық тауар өндірушілерді қолдауды жалғастыруды бойынша да кәсіпкерлердің  сатып алу механизміне қатысты пікірі айтылды.

Жиын соңында «Атамекен» ҰКП мамандары бизнес ұсыныстарын жинап, мәселелерді одан әрі талқылау мақсатында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына жіберді.

Еске салайық, Қордың сатып алуын жүзеге асыру тәртібі, тауарларға маркетингтік бағаларды анықтау ережесі, оффтейк-келісімшарттарды жасау және орындау тәртібі, Қордың сатып алуын жүзеге асыруға бақылау жүргізу ережелері қарауға жіберілді. Кәсіпкерлер палатасы құжаттарды қауымдастықтар, бизнес және ҰКП өңірлік өкілдіктеріне де жолдады.

 КӘСІПКЕРЛЕР ҰСЫНЫСЫ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер