astana-view

ҰКП бизнеске арналған цифрлық экожүйенің тұжырымдамасын таныстырды

2022 жылғы 10 Ақпан
12089 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің facebook-тегі ресми парақшасында «Бизнеске арналған үкімет» цифрлық экожүйенің тұжырымдамасын таныстырды. 

Кездесу барысында кәсіпкерлер платформаны толтыруға қатысты өз талап-тілектерін білдірді. ҰКП басқарма басшысы 1 сәуірден бастап бір топ кәсіпкер жүйені сынап көретінін мәлімдеді.

 «Қазіргі кезде «Атамекен» ҰКП қандай болуы керегі туралы қызу талқы жүріп жатыр. Палатаның өзі 2018 жылдан бастап цифрландыру бағытына қарай трансформацияны бастап кеткен. Бүгінде біз «Бизнеске арналған үкімет» цифрлық экожүйенің аралық кезеңін таныстыра аламыз. Бұл платформа арқылы кәсіпкерлер бір терезеден 600-ден астам мемлекеттік қызметті алып, ҰКП қолдауы мен қызметтерін қолдана алады. 2022 жылы осы жүйеге қолдауға мұқтаж шағын және микробизнестің 1 млн-нан аса субъектін енгізуді жоспарлап отырмыз. Менің пікірімше, мұндай алаңның баламасы жоқ. Платформаны қолдану оңай, ыңғайлы. Әр кәсіпкерге таңдалған қызметтерді ұсынатын бір терезе, осы экожүйеде кәсіпкер басты элемент болуы керек. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап кәсіпкерлердің бір тобы платформада тестік режимде жұмыс істеп көре алады», – деді ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Цифрлық экожүйе –  бұл шамамен 1,5 млн бизнес субъекті (83%-ы шағын бизнес), жеке қосалқы шаруашылықтар, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер.  Бірыңғай цифрлық терезеде мынадай қызметтер көрсетіледі:

- мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралары (364 мемлекеттік қызмет, 248 қаржылай, мүліктік және қаржылай емес көмек, инфрақұрылымдық қолдау шаралары);

- «Атамекен» ҰКП қызметтері (70-тен астам заңнамалық функция: НҚА сараптамасы, қорғау, сертификаттау);

- коммерциялық сервистер (ERP-платформа, CRM жүйесі, эскроу келісімшарттар, онлайн-касса, B2B транзакциялары, B2C, маркетплейстер).

 Портал – «Бизнеске арналған үкімет» сайтында электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бір рет тіркеуден өтіп, egov, elicense, online.damu.kz және порталдан шықпай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын басқа да сервистер, сондай-ақ 4 сатып алу алаңын пайдаланудың мүмкіндігі. Кәсіпкерлердің бәріне мемлекеттік қызметтер, «Атамекен» ҰКП қолдау шаралары дәне сервистерін қоса алғанда 632 сервис қолжетімді болады. Бұған қоса 215 ақпараттық жүйе және деректер базасымен интеграциялау жоспарланған.

 «Экожүйе кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетеді. Өйткені кәсіпті енді қолға алған адам неден бастау керек, кімге барып жүгіну керегін білмей жатады. Біз кәсібімізді жеке қосалқы шаруашылығымыздан бастадық. Қазіргі кезде асыл тұқымды мал басын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін порталда қолдау шаралары, субсидия бойынша көп пайдалы ақпарат болады деп ойлаймыз. Сондықтан осындай платформаны әзірлеу жақсы идея», – деп атап өтті «Алмажай» ЖШС директоры Гүлмира Маусымбаева.

 Кәсіпкерлер қандай да бір ақпарат алу үшін бүкіл интернетті шарлап, уақыт жоғалпайтын болады, жұмыстың бәрі Жеке кабинетте жүргізіледі. Әрбір пайдаланушыға оның сұрауына қарай сала, қызмет түрі, бизнес нысаны және қажеттілік негізінде жеке атаулы қызметтер іріктелетін болады. Бұдан басқа, бизнесменнің нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) сараптауға тікелей қатысуға, бизнес-петицияларды іске қосуға, мемлекеттік органдар мен ҰКП-дан алынған шешімдерге шағым жасауға мүмкіндігі болады.

 «Шағын бизнес өкілдерінде үрей басым. Иә, біз қорқамыз, өйткені шағын бизнес көмек алуға әдеттенбеген, шағын бизнес оған жұмыс істеуге кедергі келтірмеуді сұрайды. Біз талап-тілегімізді үкіметке жеткізуге тырысып жатырмыз, осы бағытта платформа нақты кәсіпкерді мазалайтын нақты мәселені жеткізуге көмектеседі. Платформада сот шешімдерінің базасы болса деген тілек бар. Өйткені біз әр ауданда ұқсас мәселелер бойынша түрлі шешім қабылдануы мүмкін екенін білеміз. Сондай-ақ, біз НҚА үшін дауыс беруге қатысуға болатынына қуаныштымыз, өйткені қазір жүйе өте күрделі. Егер платформа ыңғайлы болса, алға ілгерілеу болады. Электрон құжаттама да ыңғайлы болса, егер кәсіпкерлер гранттар, субсидиялар және несиелер туралы кәсіпкер ақпарат алса нұр үстіне нұр. Мен платформаны қолдану  қорқынышты, дегенмен оны да көру керек деп айтамын. Барлық жазалау шарасы мен нормативтік-құқықтық актілер адал жұмыс істейтін бизнеске бағытталған. Платформа адал жұмыс істейтіндерге «көлеңкеден» шығу тиімді болатындай жағдай жасауын қалар едік», – деп атап өтті кәсіпкер Марина Бошель.

 Порталда өз жеке кабинетін заңды тұлғалар мен олардың филиалдары, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар, қауымдастықтар мен одақтар құра алады. Ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте жеке менеджер арқылы мәселені немесе сұрақты жедел шешуге арналған терезе бар, сонымен қатар жол нұсқаушы бар. Барлық қызметті компьютерден де, сайттың мобильді нұсқасынан да алуға болады.

 «Ең бастысы – ашықтық. Кәсіпкердің барлық жеке дерегі сақталып тұрады. Сонымен қатар цифрлық операциялардың сақталған деректері бойынша бизнес иесі қандай да бір шешімге арыздану, оған қызмет көрсеткен біліксіз қызметкерге шағымдану немесе шағым конструкторының көмегімен немесе 1432 колл-орталығына жүгіну арқылы өтінішке жауаптың қайтарылмағаны туралы хабарлай алады», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

«БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер