astana-view

Елордада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезі басталды

2022 жылғы 18 Ақпан
7125 просмотров

 Бүгін, 2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр.

 Съезд офлайн режимде өтіп жатыр. Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралады. Бірінші кезекте «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасын және мүшелерін сайлау жоспарланған. Сонымен қатар Съезд барысында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, Ұлттық палатаны әрі қарайғы реформалау мәселесі қаралады.

  Съезд жұмысына ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысады деп күтілуде.

«Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс IX съезінің тікелей көрсетілімін facebook-тегі ресми парақшасынан көруге болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер