astana-view

Батырбек Әубәкіров Өңдеу өнеркәсібі комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды

2022 жылғы 24 Наурыз
1616 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысында Комитет мүшелері бірауыздан жаңа төрағаның міндетін атқарушыны таңдады.

Бұған дейін Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған Альберт Рау қызметін қорытындылап, әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

«Мен осы міндетке локдаун кезінде келісіп, жұмысқа кіріскен болатынмын. Біздің алдымызда өнеркәсіп саясатына қатысты заңнаманы қабылдау міндеті тұрды және ол біздің комитетіміздің жұмысына тікелей қатысты іске асырылды. Сондықтан бұл тапсырманы орындай алдық. Комитет заң жобасын бірнеше рет қарады, талқылады. Бәріңізге бірге атқарған еңбек үшін алғыс білдіремін», – деді Альберт Рау.

Комитет мүшелері «Қазақстан қаптамашылар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Әубәкіров Батырбек Теміртасұлын комитет төрағасының міндетін атқарушысы етіп таңдады. Ол комитеттің алдағы уақыттағы жұмысын жоспарлап, мәселелерді талқылауды ұсынды.

«Қазір өте қиын кезең болып тұр. Қолда бар жоспарды талқылап, бірге жаңартайық. Ақылдаса отырып шешім шығарайық. Ешкім біздің мәселемізді шешіп бермейді, өзіміз шешуіміз керек. Әсіресе, қазір жағдай тез өзгеріп, құбылмалы кезеңде тұрмыз. Тіпті былтыр жағдай қалай болғаны әсер етпейді. Сондықтан бірге жүйелі түрде еңбек етейік», – деді Батырбек Әубәкіров.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер