astana-view

«Бастау Бизнес» түлектері грантқа өтінімді сәуірде бере алады

2022 жылғы 25 Наурыз
1892 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

 «Бастау Бизнес» жобасын аяқтаған түлектер кәсіп ашуға қайтарымсыз грантқа өтінім бере алады. Өтінім 2022 жылғы 1 сәуірден бастап онлайн қабылданады.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында мемлекет азаматтарға кәсіп ашуға өтеусіз гранттар береді. Грантқа өтінім беру үшін www.business.enbek.kz сайтында электрон цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу керек. Содан кейін 2022 жылғы 1 сәуірде өтінім қабылдау басталады», – деді «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлікті дамыту департаментінің сарапшысы Еркежан Әубәкірова.

Өтінімдерді қабылдаудың келесі легінің күндері порталдың басты бетіндегі ГРАНТТАР КЕСТЕСІ бөлімінде жарияланады.

ГРАНТ АЛУҒА КІМ ҮМІТКЕР БОЛА АЛАДЫ?

Грант алу үшін Сіз 5 негізгі шартқа сәйкес болуыңыз қажет:

  • Жұмыссыз ретінде тіркелген немесе жаңадан бастаған жеке кәсіпкер (тіркеу мерзімі бір жылға дейін) немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші (БЖТ) немесе жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін адам болу.
  • Мына әлеуметтік санаттардың біріне жатуыңыз қажет: 1) жастар (29 жасқа дейінгі); 2) атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 3) көпбалалы отбасы мүшелері – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); 3) мүгедектігі бар адамдар; 4) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеу жөнінде жәрдемақы алатын адамдар; 5) оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; 6) қандастар.
  • Тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты немесе уақытша тіркеу болу (қоныс аударушылар мен қандастарға қолданылмайды).
  • 3 жылдан кем емес мерзімге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды сәтті аяқтағаны туралы сертификатының болуы.
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту кезінде әзірленген бизнес жоспардың болуы.

Егер сіз грант алуға үміткер болатын жұмыспен қамтудың нысаналы тобына немесе санатына жатпасаңыз, Портал өтінімді қабылдаудан автоматты түрде бас тартады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары және жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидалары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылдың 7 ақпанындағы № 47 бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпарат алу үшін:

  • жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызға болады;
  • сондайақ, байланыстар электрондық еңбек биржасында «жұмыспен қамту қызметтері» – «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» – «Байланыстар» бөлімінен оқуға болады (www.enbek.kz).

Айта кетейік, биылға «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға өтінім қабылдау әзірге басталған жоқ. Жобадағы басты өзгерістерді мына сілтеме арқылы білуге болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер