astana-view

Ұлттық палата Қазақстан - Германия Іскерлік кеңесі хатшылығының қызметін «Возрождение» қорына тапсырды

2022 жылғы 04 Сәуір
3644 просмотров

Елордадағы Қазақстан-неміс мәдени орталығында өткен іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт және бизнес-клуб мүшелері қатысты. ГФР-дағы ҚР елшісі Дәурен Кәріпов онлайн-форматта құттықтау сөз сөйледі.

 Шара барысында Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесі хатшылығының функциясын «Атамекен» ҚР ҰКП-дан «Возрождение» қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорына беру туралы құжатқа қол қойылды.  

Іскерлік кеңес – ҚР мен ГФР ұйымдары мен бірлестіктері арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту бойынша үйлестіруші және консультациялық орган. Кеңестің міндеттеріне қазақстандық және неміс компаниялары арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту, екі елдің компаниялары мен іскер топтар бірлестіктері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды және тікелей ақпарат алмасуды дамыту кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер