astana-view

Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі бизнес алдында есеп берді

2022 жылғы 21 Сәуір
4636 просмотров

Ұлттық палатаның Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік кеңесі бизнес өкілдеріне алғаш рет ашық есеп берді

Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың бастамасымен өтті.

«Мұндай кездесулер қашанда ашық жүргізілуі керек. Ірі бизнестен бастап үй алдындағы дүкені бар әр кәсіпкер мұнда келіп, оның бизнесі үшін өңірлік кеңес не істеп жатқанын сұрай алады. Адамдар өз бизнесі «Атамекен» ҰКП қорғауында екенін сезінуі керек. Палата тарихында алғаш рет Өңірлік кеңес толық құрамда шағын және орта бизнес алдындағы жұмысы туралы ашық есеп береді», – деді кездесуді ашқан Райымбек Баталов.

 Елордалық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы – «Атамекен» Төралқасының мүшесі Болат Омаров өңірлік кеңестің былтыр қандай жұмыс атқарғанын айтып берді.

 «Өңірлік кеңестің құрамына елордадағы ірі бизнесмендер және салалық қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Кеңес 2021-2022 жылдары 70-тен астам мәселені қарады. Бұл мәселелер мемлекеттік сатып алу, несиелеу, жер қатынастары, құрылыс және коммуникациялар, әлеуметтік сала және білім беру саласына жатады», – деп есеп берді Болат Омаров.

Ұлттық палатаның Төралқа басшысы елорданың бизнес өкілдеріне ҰКП трансформациясы мен кәсіпкерлікті дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін талқылауды ұсынды.

 «Біз клиенттің мүддесі үшін жұмыс істеуіміз керек. Кәсіпкерлер палатасы қандай пайдалы қызмет бере алады? Бизнес мүддесіне мемлекеттік органдар да дұрыс өкілдік жасауы тиіс. Өңірлік және салалық қауымдастықтардың рөлі мен сараптамасын күшейту, салалық саясатты жетілдіру, өңірлік салалық бағдарламалар мен микро, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын жүйелі қорғауды күшейту маңызды», – деп жоспарын бөлісті Райымбек Баталов.

Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік кеңесінің мүшелері еркін микрофон форматында жұмыс істеуді қолдады, сондай-ақ елордалық бизнес өкілдері де толғандыратын сұрақтарын қойды.   

Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік кеңесінің мүшелері еркін микрофон форматында жұмыс істеуді қолдады, сондай-ақ елордалық бизнес өкілдері де толғандыратын сұрақтарын қойды.   

Сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларында көптеген мәселе көтерілді.

«Әр күнтізбелік жылдың соңында денсаулық сақтау министрлігі ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің тарифтерін қайта қарайды. Бұл процесс биыл бір тоқсанға созылды. Жүйе, алгоритмді өзгерту керек, өйткені осыған байланысты кассалық үзілістер орын алады. Біз бүгінгі таңда 5 млн-нан астам қызмет көрсеттік және дебиторлық берешек сомасы 5 млрд теңгеден асады», – деді «ОЛИМП» КДЛ желісінің корпоративтік сегментін дамыту жөніндегі директор Айнұр Исина.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов осы сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттік сатып алу маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Бізде нақты позиция бар. Біз сатып алулар бойынша барлық тиімсіз қатынасты қайта қарауымыз керек», – деді спикер.

«Біз үй жанындағы дүкендер санатына жатамыз. 90-шы жылдары Қазақстан экономикасын көтеруге үлес қостық. Қазір жұмыс істеу қиын болып тұр. Мәселе көп. Кәсіпкерлер палатасына да жүгіндік, бірақ бізге кезек жетпей жатыр. Міне 3 жылдық мораторий аяқталуға жақын. Енді шағын бизнеске салмақ түсіп, бәлкім дүкендерді жабуға тура келеді. Мәселе көп – ЭШФ, тауарға жөнелтпе құжат, басқа да сұрақтарды шешу керек», – деді жеке кәсіпкер Сәуле Естілеуова.

Сонымен қатар кездесуге қатысқандар шағын бизнеске көбірек көңіл бөлу және кәсіпкерлермен қарым-қатынасты күшейтуді өтінді.

«Өкінішке қарай, өңірлік кеңестерде  әртүрлі сала өкілдігінде белгілі бір қиғаштық бар. Елордада ғана емес, барлық өңірлік кеңесте салалық біліктілік (құзыреттілік) жеткіліксіз. Өңірлік кеңестерді трансформациялап, олардың жұмысына салалық одақтарды тарту қажет, осылайша салалық құзыреттерді арттыруға болады», – деп Қазақстан химия өнеркәсібі одағын басқаратын Олег Пак өз ұсыныстарын айтты.

  Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы қазіргі жағдайда бизнестен өзара тығыз қарым-қатынасқа сұраныс артып жатқанын атап өтті. Тез қарқынмен дамып жатқан  ірі мегаполисте басты фокус құрылыс саласына жасалған. Бірақ сауда, медицина кластері, ІТ саласы, креативті экономика сынды негізгі салалар да – астана үшін аса маңызды әрі жіті назар аударуды қажет ететін бағыттар.

«Ашық диалог үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Шешімін табу қажет мәселе көп. Бизнесті қорғау – өз алдына бөлек мәселе. Салалық сұрақтар. Біз өз жұмысымызды түбегейлі күшейтіп, жақсартып, клиент мүддесіне өкілдік етуіміз керек шағын бизнес мәселелері бар. Өңірлік кеңестің бизнеспен бетпе-бет кездесіп, мәселелерді тыңдап, жұмысты одан әрі жүйелеп, жақсартуы жақсы дәстүр болсын», – деді Райымбек Баталов.

Жиын қорытындысы бойынша республикалық және өңірлік палаталардың өкілдері бизнеспен осындай ашық кездесулерді тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер