astana-view

Павлодарлық судьялар мен «Атамекен» палатасы бизнеске қатысты талап-арыздардың түсуін азайтуға ниетті

2022 жылғы 25 Сәуір
- Павлодар облысы
6118 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ӨКП директоры С. Сәдуақасов пен оның директоры С. Әубәкіров, Павлодар облысы экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Е. Ерболатов, Павлодар облысы экономикалық сотының бітімгер–судьясы К. Жылбаева, палата өкілдерінің, сондай-ақ оның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Кездесу бизнеспен байланысты сот процестерінде татуластыру рәсімдерінің жүзеге асуына арналды.

Ол кәсіпкерлерге сотқа дейінгі Хаттаманы түсіндіру үшін ұйымдастырылды.

«Енді біз күткен нәтиже - қақтығысушы тараптардың сотқа дейінгі татуласу жағдайларының саны артуы тиіс және бизнес субъектілеріне сотқа талап арыздардың түсуі төмендейді», - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер