astana-view

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Италия елшісімен кездесті

2022 жылғы 29 Сәуір
8539 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесті.

 Марко Альбертидің айтуынша, Италияның шағын және орта бизнесті дамытуда тәжірибесі мол. Елші Италияның жалпы ішкі өнімінің 95%-ы шағын және орта бизнеске тиісілі екенін және бұл тәжірибе Ұлттық палатаның жұмысын реформалауда пайдалы болатынын айтты. Сондай-ақ, ол Алматы – Милан әуе қатынасын ашу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл кәсіпкерлік саладағы ынтымақтастықты нығайту және дамытуға оң ықпал етеді.

 Райымбек Баталов Италияның ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жасыл экономика, жеңіл өнеркәсібі және туризм салаларындағы табысты тәжірибесі Қазақстанда осы бағыттарда бизнесті дамыту үшін пайдалы болатынын айтты.

 Тараптар алдағы ынтымақтастықты талқылап, өзара іс-қимылды кеңейту туралы уағдаласты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер