astana-view

«Атамекен» ҰКП гранд турлар тұжырымдамасын қолдайды

2022 жылғы 04 Мамыр
7925 просмотров

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде гранд турлардың тұжырымдамалық жобасы таныстырылды.

Сондай топтамалар қатарында «Алматы», «Ұлы Жібек жолы», «Маңғыстау», «Сарыарқа» және «Алтай» турлары бар. Олар туристер үшін ең тартымды табиғи, ландшафттық, киелі, сәулет-тарихи және қалалық нысандарды қамтыды.

«Атамекен» ҰКП Гранд турлар тұжырымдамасын қолдайды. Палата мамандарының айтуынша, тұжырымдама негізінде ҰКП, Қазақтуризм және ЖАО бірлесіп жүргізген турмаршруттарды түгендеу материалдары пайдаланылды.

«Гранд турлар тұжырымдамасы – тамаша идея. Отандық туристік өнімдерді жақын болашаққа дамыту жөніндегі бағыт – туристердің өздері үшін де, инвесторлар үшін де түсінікті бағдар . Бұл міндетті түрде қалалық туризм, жаңа гастрономиялық, этно, агро, эко және басқа турларды дамытуға серпін береді. Бұл мәселемен байланысты көлік қолжетімділігі мен сервиске ерекше назар аудару қажет», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Туристік сала комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева.

Туристік сала комитетінің мүшелері қазақстандықтардың саяхатын және көрші елдерден туристердің келуін арттыру үшін әуе және т/ж қатынасын ұлғайту, kidsgofree механизмін оңайлату, сондай-ақ ADS-виза механизмін жаңарту және туристік кэш-бэк мысалында ынталандыру шараларын енгізу жөніндегі логистика мәселелерін шешу қажет деп санайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер