astana-view

Латвияда қалып қойған жүк тасымалдаушылар форс-мажор сертификатын рәсімдей алады – Ұлттық палата

2022 жылғы 25 Мамыр
6101 просмотров

Латвия Республикасының аумағы арқылы жүк жеткізуде қиындық туған кәсіпкерлер форс-мажор туралы сертификат алу үшін Латвияның Сауда-өнеркәсіп палатасына жүгіне алады.

Бүгінде 30-ға жуық қазақстандық кәсіпкер «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасынан көмек сұрады.

Ұлттық палатаның сыртқы сауда палатасы Латвияның сауда-өнеркәсіп палатасымен келіссөз жүргізіп, қазақстандық компанияларға көмек көрсетуге уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлайды.

Латвияның сауда-өнеркәсіп палатасы Латвия Республикасының шекарасында көлік құралдарының тоқтап тұрғанын растайтын сертификат беру мүмкіндігін қарастырады.

Ресей Федерациясы мен Украина Республикасы арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты тауарларды жеткізудің барлық дерлік логистикалық тізбегі бұзылды.

Латвия Республикасының аумағынан жүктерді жеткізуде қиындық туындаған кәсіпкерлер форс-мажор туралы сертификат алу үшін Латвия Сауда-өнеркәсіп палатасының raimonds.abolins@chamber.lv электрон поштасына жүгіне алады (заң бөлімінің бастығы).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер