astana-view

Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты кәсіпкерлерге арналған вебинар өтті

2022 жылғы 02 Маусым
6012 просмотров

5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. «Атамекен» ҰКП мамандары Учет.кз тобымен бірге кәсіпкерлерге вебинар өткізіп, Конституцияда бизнеске қатысты қандай түзету болатынын түсіндірді.

Эфир барысында республикалық штаб мүшесі Шыңғыс Қожахметов Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді түсіндірді. Түзетулер қабылданғаннан кейін жер, прокуратура, сайлау, партияларға қатысты жаңа заңдар қайта қаралатынын айта кету керек.

 «Референдумға бір аптадан аз уақыт қалды. Президент өзінің Қазақстан халқына соңғы жолдауында елді жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын бәріміз білеміз. Осыған байланысты ҰКП экономикалық және саяси реформалар контексінде бизнесті дамытудың жаңа перспективаларын талқылау бойынша кездесулер өткізеді. Жоспарланған өзгерістер кезінде заңнамалық актілерге деген көзқарас сапа жағына қарай да өзгереді деп сенемін», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры Серік Әбілтаев.

 Сонымен қатар спикер кімге қандай учаске белгіленгенін қалай тексеруге болады және қалай дауыс беру керегі туралы ақпараттандырды. Сайлау учаскелері Қазақстанның әрбір елді мекенінде, сондай-ақ шет елдердегі 52 елде ұйымдастырылатын болады. Дауыс берудің ресми уақыты – жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

 ҰКП күн сайын HoReCa нысандарының иелері және қызметкерлері, үй жанындағы дүкендер, сауда және ойын-сауық орталықтары және басқа да шағын және орта бизнес объектілерімен кездесулер өткізіп жатыр. Түсіндіру жұмыстарын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында консультанттар жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер