astana-view

Алматыда ритейлерлер мен жеткізушілердің халықаралық съезі өтті

2022 жылғы 07 Маусым
6621 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Алматыда ірі ритейлерлер мен тауарлар мен кәсіби жабдықтарды жеткізушілердің халықаралық съезі өтті. Бөлшек сауда саласындағы жетекші сарапшылар валюта бағамының құбылуы, жеткізілім тізбегінің өзгеруі, кейбір ірі өндіруші зауыттардың жабылуы, сондай-ақ бағаның өсуі салдарынан сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты қазіргі бизнестің мәселелерін талқылады.

 «Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмендемесе, артып жатқан жоқ, бірақ азық-түлік, тауарлар бағасы өсіп жатыр. Баға белгілеу, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына реттеу жүргізу керек. Бұл іс жүзінде жұмыс істемейтін әдіс. Үкіметтің мұндай реттеуші құралы пайдасыз. Бұл біздің пікіріміз. Шартты түрде қант пен ұнға үстеме бағаны қатаң бақылау бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде баға бәрібір ұдайы өсіп жатыр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаев.

 Съезге қатысушылар бизнестің проблемаларына тиімді қарсы тұру үшін нарық туралы жаңа мәліметтер алды, желілер жаңа жағдайда сатып алуға қатысты қалай шешім қабылдайтынын білді. Қазақстандағы SMALL сауда желісінің бас директоры Демид Самошкиннің пікірінше, 2022 жылдың тағы бір өзекті мәселесі –тауар ассортиментінің азаюы.

 «Тауар ассортименті сиреп қалды. Бұл тұрмыстық химия, косметика, парфюмерия тауарлары. Өкінішке қарай, бұл үрдіс жалғаса береді. Әлемдегі жағдайға байланысты қандай да бір ассортимент Қазақстан нарығынан қымбат логистика мен Ресейге санкциялар салдарынан, бізге байланысты емес себептермен кететін болады. Кейбір өнімдерді Қазақстанға жеткізу тіпті тиімсіз», – деді Демид Самошкин.

Конвентке Қазақстан, Ресей, Армения, Өзбекстан, Иран, Германия, Италия, Қырғызстан, Тәжікстаннан тауар және жабдық өндіретін 110 компания, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Беларусь және Тәжікстанның жетекші бөлшек сауда желілерінің 145 өкілі қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер