astana-view

Қазақстанда туризм түрлі сынға қарамастан дамып келеді

2022 жылғы 21 Маусым
6303 просмотров

Qazaqstan Life Fest туризм, спорт және белсенді өмір салты халықаралық көрмесінің панельдік сессиясы аясында кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП және ведомстволармен бірлесіп, елімізде туристік саланы дамыту және ынтымақтастық бойынша әрі қарайғы жоспарды талқылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы туризм комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева өз сөзінде көптеген сынға қарамастан, Қазақстанда туризм дамып келе жатқанын атап өтті.

 «Қазақстанда туризм жоқ деген сөзбен келіспеймін. Осы тақырыпқа қатысты сын көп: құжаттарға қол қойылады, алайда әрі қарай ештеңе іске аспайтыны айтылып жатыр. Осында отырған әр адам бұл тезисті жоққа шығара алады деп ойлаймын. Отандық туризм дамып жатыр. Субъектілердің саны біртіндеп артып келеді, бүкіл ел бойынша жаңа демалыс нүктелері құрылуда. Туристік өнімдер қалыптасып, инфрақұрылым дамып жатыр. Демалыс орындарынада туристер саны 22%-ға, келу туризмі бойынша өсім 34%-ға артты. Нұр-Сұлтан, Алматы, Бурабай, Түркістан және Маңғыстау облыстары ғана өсіп қоймай, қалған өңірлер де қарқын алып жатыр. Логистика, инфрақұрылым бойынша әлі де көптеген сұрақ бар екені сөзсіз, ол үшін біз кездесуге уәкілетті органдарды шақырдық. Олар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді.  Дегенмен, бәрі өз кезегімен жүріп жатыр. Әрі қарайғы даму күшімізді біріктіруімізге байланысты», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Ұлттық палатаға кездесуге шақырғаны үшін алғыс айтып, сөзін толықтырды:

 «Біз «Атамекен» және мемлекеттік органдармен Жол картаны үш жыл қатарынан іске асырып келеміз. Жылдан жылға Жол картасына қол қойған мемлекеттік органдардың саны артып жатыр. Қол қоюшылар қатарына  «Kazakh Geography» компаниясын қосу туралы ұсыныс айтқым келеді. Бұл компанияда ұлттық парктер мен экологиялық туризмді дамытуға қатысты көп ұсыныс бар. Сонымен қатар еліміз кең-байтақ екеніні атап өткім келеді. Бір жағынан кең ауқым туризмнің дамуы бойынша жылдам нәтиже көрсету керек кезде бұл жекелеген қиындықтарды тудырса, екінші дағынан жер-суларымыз – біздің мақтанышымыз. Барлығын тез арада өзгерту мүмкін емес екенін түсінеміз. Бірақ сала қатысушылары бірлесіп жұмыс істеген кезде нәтижеге тез қол жетуге болатынын тәжірибе көрсетті. Мұны сандар да растайды. Көрсеткіштер жақсарып келеді, салаға салынған  инвестцииялардың көлемі артқан», - деді спикер.

Шара аясында «Атамекен» ҚР ҰКП, «KazakhTourism» ҰК» АҚ, Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық дамуға бағытталған «жол картасына» қол қойды.

«Үздіксіз жұмыс жүріп жатыр және мұндай құжаттар ең алдымен, бизнестің жүйелі проблемаларын шешудің құралы»,  – деді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

Бұл Ұлттық палата мемлекеттік органдармен қол қойған үшінші жол картасы. Құжат шеңберіндегі өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы «KazakhTourism» ҰК АҚ Басқарушы директоры Даниель Сержанұлы әңгімелеп берді. Спикер оқыту бағдарламаларына тоқталды. 2021 жылы 52 қолөнер шебері маркетинг пен өнімді брендтеуді үйренді, сондай-ақ Маңғыстау курорттық аймағындағы қонақ үйлердің желілік персоналы да оқуға қатысты, онда 1000-ға жуық адам оқып шықты. Жұмыстың үлкен ауқымы ішкі туристік өнімді дамытуға, 14 облыс пен Республикалық маңызы бар 3 қалада өткен балалар мен жасөспірімдер туризмі объектілерін түгендеуге арналған.

«Біз материалдық-техникалық инфрақұрылымды бағалауды жүргіздік. Балалар мен жасөспірімдер туризмі нысандарының тізілімін жаңарттық, барлығы 233 нысан болды. Ең бастысы проблемаларды анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар жасалды», – деді спикер.

Сондай-ақ агротуризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілді, оның барысында даму үшін 50 әлеуетті нүкте анықталды.

Сессия шеңберінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар агро және сауықтыру туризмін дамыту, тұрақты дамуға көшу стратегиясы талқыланды. Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева Орта Азиядағы тұрақты туризмнің MOST – моделі жобасының Қазақстанда жүзеге асырылу барысы туралы айтып, жобаның мақсаттарын атап өтіп, экологиялық сертификаттау бойынша қашықтықтан оқытуға арналған платформа туралы ақпарат берді.

 Кәсіпкерлер «сұрақ-жауап» бөлімінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Керуендерге арналған инфрақұрылымды жабдықтау қажеттілігі, мектеп жасындағы балалардың ұлттық саябақтарға баруына ақы төлеу, курорттық аймақтардың көлікке қолжетімділігі туралы мәселелер айтылды. Туризм департаментінің директоры Жәмила Құнанова Алакөл курорттық аймағындағы әуежайлардың жұмысын қалпына келтіру туралы кәсіпкерлерді толғандырған мәселені атап өтті.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ директорының м.а. Жәнібек Тайжанов бизнеспен бірге бірнеше өңірді, сондай-ақ көліктің бірнеше түрін қамтитын жаңа круиздік интермодальдық маршруттар құру туралы жоспарларымен бөлісті. Бизнес бұл бастаманы қолдап, бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екенін білдірді.

Жекелеген мәселелер мен бағыттар бойынша бизнес және мемлекеттік органдармен қосымша жұмыс кездесулерін өткізу бойынша шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер