astana-view

Бизнес-қоғамдастық электронды шот-фактура қолданысын шектеуге қарсы – Ұлттық палата

2022 жылғы 12 Шілде
6286 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, Салық кодексіне енгізілетін кезекті өзгерістерді талқылады. Жиынға кәсіпкерлер мен ҰКП өңірлік палаталарының өкілдері қатысты. Бизнес-қоғамдастық МКД жеке бап дайындап, электронды шот-фактура көшірмесіне шектеу енгізуіне қатысты ортақ пікірді ұстанып отыр: толықтырулар ең алдымен адал кәсіпкерлердің ісін қиындатады, себебі олар кінәсіздігін дәлелдеп отыруға мәжбүр болмақ.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл норма бизнеске кедергі келтірмейтінін,  жұмыс тоқтап қалмайтынына кепілдік береді, шағым түсіру және қорғау қағидаттары сақталатынын алға тарты. Ведомство төрт жыл бойы жүргізілген пилоттық жоба Салық кодексіне толықтырулар енгізумен аяқталатынына сенімді. Осылайша МКД-да Мемлекет басшысының көлеңкелі экономика үлесін азайтуға қатысты тапсырмасы орындалады деп сендіреді.

«Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша  8,5 мың салық төлеуші 6,4 трлн теңгеге жуық тәуекелді айналым сомасына жалған шот-фактура көшірмесін жасаумен айналысқанын анықтадық. Шамамен 2 мың компания – тіркеуін жарамсыз деп таныдық немесе  тәуекелдік айналымның жалпы сомасы бір триллион теңге болатын мәмілені жарамсыз деп таныдық», - деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі МКД директоры Мұратбек Мұсин.

МКД өкілдерінің келтірген мәліметтері бойынша шоты бұғатталған кәсіпкерлердің 80%-ға жуығы өздерінің кінәсіздігін дәлелдеуге келмеген, яғни оларды бір күндік фирма деп есептеуге болады.  Бұл мәліметтердің нақтылығы бизнес тарапында сұрақ туындатты: әзірге аяқталмаған пилоттық жобаның тиімділік нәтижесі жария талқыланбаған.

«Сіздердің өңірлермен істеген жұмыстарыңыздан бұғатталған ЭШФ көшірмесін айлар бойы ұстап отырасыз немесе ұзақ уақыт бойы қарайтыныңызды көрсетеді. Өңірлермен байланыс орнатуыңыз  тиісті деңгейде емес.  Сіздер алатын ақпарат жалған болуы мүмкін, сіздер оны сараптамайсыз. Расымен солай ма, өңірлерде соңына дейін жүргізіле ме? Мұның барлығы бірінші, екінші сатыдағы сотта шағымданғаннан кейін, Жоғары сотқа жеткенде және бас тартқан кезде  анықталады, салық төлеуші адал әрі оныкі дұрыс екені айқындалады. Бірақ оған дейін айлар ғана емес, жыл да өтеді, бизнес өкілі жүйкесін, уақыты мен қаржысын жұмсайды», – деді салық кеңесшісі Файзирахман Миянов.

Ұлттық палатада кезекті түзетулер жағдайды нашарлата түседі деп есептейді.  Атап айтқанда, ЭШФ көшірмесіне шектеу қою және «электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде электронды шот-фактура көшірмесіне шектеу» түріндегі уақытында орындалмаған салық міндеттемесін  орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісін енгізу.  Оның мәні МКД қарауынша, ЭШФ көшірмесін шектеу салық төлеушілерге қосымша құн салығына төлем салынады, ал салық міндеттемесін орындамаған жағдайда – салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ететін  ұсынылып отырған жаңа тәсіл қолданылады,  салық қарызын күштеп өндіріп алуға әкеледі.

«Кәсіпкерлер кінәсіздігін дәлелдемеуі керек! Салық кодексінде кінәсіздік презумпциясы жарамсыз. Сот кәсіп орын кінәлі деп танымайынша кәсіпкер соттан өзгеге адал, кінәсіз екенін дәлелдеп жүгірмеуі керек», – деп атап өтті Қазақстан қаптаушылары қауымдастығынан Наталья Кузнецова.

ҰКП мамандарының айтуынша, ұсынылып  отырған түзетулер салық төлеушіні сот қорғауынан айыруға бағытталған.  Нәтижесінде камералық бақылау салық төлеушіге салық органдарының талаптарын күштеп орындататын әкімшілік құралға айналады.  Алайда камералық бақылау – міндеттемелерді ерікті түрде орындау құралы.

«Егер қолданыстағы камералық бақылау бойынша хабарлама тәуекелдігі жоғары салық төлеушіге жолданса, түзетулерден кейін ескертпе хаттарды  тәуелдіктері орташа салық төлеуші де алады. Камералық бақылау қортындысы бойынша хабарлама саны артады. Салық тәртібін бұзған деген күдіктілер қатары да көбейеді, тергеу де жиілейді», – деп пікір білдірді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Салық кодексіне түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көлеңкелі экономика үлесін азайту және жалған шот-фактура көшіріп беретін бір күндік фирмалармен күресті күшейту үшін енгізіледі. МКД мәліметі бойынша тәуекелдік айналымы 7 трлн теңге сомасында 10,8 мың салық төлеушіге ЭШФ көшіруге шектеу қойылған. Неше шектеу қойылғаны бойынша есеп жоқ, жалған айыптау бойынша салықшылар жауапкершілігі де жазылмаған.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдарға салық заңнамасын өзгертуге жүйелі тәсіл керек деп назар аударып отыр және Салық саясаты тұжырымдамасын қалыптастыру аясында барлық ұсынысты жүйелеуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер