astana-view

Лицензиялау балабақшалар проблемасын шеше ала ма

2022 жылғы 19 Шілде
8163 просмотров

Мемлекет басшысы балабақшаларды лицензиялау процедурасын қайтаруды тапсырды. Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы әкімшілік кедергілерді азайту рәсімдері аясында алынып тасталған. «Атамекен» ҚР ҰКП мамандары бұл норма шартты сипатқа ие болады деп алаңдайды.

Қазір нарық өкілдерінде лицензиялау қолданыстағы талаптардан немен ерекшеленеді және бұл сапа мәселелеріне қалай әсер етеді деген екі негізгі сұрағы бар.

 «Лицензиялау проблемаларды жоймайды. Саладағаы қалыптасқан жағдайға кешенді қарау керек. Лицензия – бизнеске кіру, қызмет жүргізуге рұқсат алу ғана. Ол тәрбиелеушілер әрекетін бақылауға ықпал ете алмайды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Нұрлан Сақуов.

 Жеке мекемелердің басты проблемасы – мамандар. Мектепке дейінгі білім беру мұғалімі бірінші санатты алғаннан кейін бірден мемлекеттік балабақшаға жұмысқа ауысуға тырысатыны белгілі.

 «Мамандар жоғары еңбекақы және қосымша төлем алу үшін  мемлекеттік балабақшаларға кетіп жатыр. Бүгінде қосымша төлемдер үш түрлі көзден қаржыланады. Ал мемлекеттік балабақшалардағы оқытушылар қайта дайындау курстарын тұрақты негізде өтеді, бұл мүмкіндік жеке балабақшалардағы тәрбиелеушлерге қолжетімсіз. Тәрбиеші мамандығына сұраныс болмай қалды, жыл сайын осы мамандықты оқытуға 100-200 грант игерілмей қалады», – деді спикер.

 «Атамекен» мамандары барлық балабақшалардың үстеме табысы бар деген пікір қате деп санайды. Өңірлерде жеке балабақшалардың басым бөлігі жан басына шаққандағы тапсырыстан тыс орташа есеппен 10 мың теңгеден артық бағаны көтере алмайды, өйткені қазақстандықтар балабақша  қызметіне ақы төлей алмай қалады.

Лицензиялауды қайтарудың орындылығын бағалау үшін лицензиялау мен қолда бар талаптардың айырмашылығын анықтау үшін реттеушілік әсерге (РӘТ) талдау жүргізілетін болады.

«Балабақшалар бақылаусыз жұмыс істейді деп айтуға болмайды, 2022 жылдан бастап әрбір мекеме мемлекеттік аттестаттаудан өтеді, бұл мемлекеттік органдарға көптеген құжат: санэпидқызметтің қорытындылары, дипломдар мен әдістемелерді тапсыруды көздейді. Осындай құжаттар пакетін балабақшалар жан басына қаржыландыру үшін тапсырады», – деп атап өтті сарапшы.

Қазіргі кезде  Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың 46,9%-ы жеке балабақшаларға барады. Елімізде 4973 жеке мекеме жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер