Құрылыс компаниялары үшін сатып алудағы тәжірибені растау кедергіге айналды – Ұлттық палата
Үш жыл ішінде Қаржы министрлігінің электрон депозитариіндегі техникалық мәселелер, жүйелі мәселелерге айналды. Бұл электрон платформаға құрылыс компаниялары мемлекеттік сатып алу байқауына қатысу үшін құжаттарды жүктейді. Ұлттық палата Қаржы министрлігінің нормативтік актілерге өзгерістер енгізудегі енжарлығын атап өтті.
ЭЛЕКТРОН ДЕПОЗИТАРИЙ – ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА «ҚҰРЫЛҒАН ТҰЗАҚ»:
ҰКП мамандарының айтуынша, бұған дейін электрон депозитарийде техникалық сипаттағы мәселелер болған: құжаттарды жүктеуде қате, жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көп саны, бұрын жүктелген файлды ауыстыру мүмкін еместігі. Қазіргі кезде басты мәселе – сатып алудағы жұмыс тәжірибесін растаудың мүмкін еместігі.
«Мердігерлер мен жобалаушылар платформаға екі растаушы тұлғаның «куәгерлік айғағын», ЭЦҚ арқылы растауға немесе өтінімге растау хатын қоса беруге тиіс. Жағдай нақтылығының растауын алу, тұрғылықты мекенжай туралы анықтаманы алумен бірдей қиын. Қазір тұрғылықты жер туралы анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтары бермейді, ал оны кейбір компания немесе басқа мемлекеттер талеп етеді. Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін жобалаушылар соңғы 10 жылдағы жұмыс тәжірибесін растауы қажет. Алайда, мемлекеттік жобалар банкі 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл талаптар жеткізушілерге тапсырыс берушілерден, мемлекеттік сараптамдана, қазынашылық органдарынан, жеке компаниялар мен квазимемлекеттік сектор компаняиларынан жұмыс тәжірибесін растауды алуға мүмкіндік бермейді», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің бірінші санатты сарапшысы Фатима Қалтаева.
«Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» өкілдерінің пікірінше, тапсырыс берушілер объектінің функционалдық мақсаты мен қосалқы түрлерін, сондай-ақ олардың күрделілігін дұрыс анықтамайды. Бұл жайт жұмыс тәжірибесін растауға және шартты жеңілдіктер беруге әсер етеді. Құрылыс салушылар Қазынашылық органы – депозитарийдегі жұмыс тәжірибесін растаудың соңғы органы болып неліктен белгіленгенін түсінгісі келеді. Өйткені бұл органның қызметкері құрылыс саласының маманы емес.
«Абаттандыру объектілері шағын сәулет нысандарын, инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, электр жарығы, су бұру), жол жабындарын және басқаларды қамтиды. Алайда Қазынашылық біздің нысанды басқа құрылыстар қатарына жатқызады. Бұл ретте, объектіні пайдалануға беру және ЖСҚ актісінде біздің объект техникалық жағынан күрделі нысанға жатқызылған, ал Қазынашылық объектінің басқа құрылыстарға жататынын алға тартып, объектіні күрделі емес нысанға жатқызады», – деді «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы Махаббат Чуманова.
Жобалаушылар депозитарийдің негізгі проблемасы – Тапсырыс берушілер және мемлекеттік сараптамадан растау мерзімдерінің болмауы деп санайды. Олар жобалау ұйымының өтінімі «қол қою» статусында ұзақ уақыт «тұрып қалуы» мүмкін және Тапсырыс беруші уақтылы растамағаны үшін жауап бермейді деп мәлімдейді. Осыған байланысты, кейбір дизайнерлер растау алу үшін «айлаға» барады. Яғни қызметтің қосалқы түрлерін өзгертеді, толықтырады және бұл соңында «кешенді дизайн» болып шығады. Мұны жосықсыз жобалаушылар пайдаланады, деп хабарлайды «ҚазэнергоөнеркәсіптікҒЗЖИ» жобалау-конструкторлық және іздестіру институтының мамандары.
«Келесі жағдай – растауды жеке компаниялардан алу. Түрлі алаңдарда жұмыс істейтін «Қазақмыс», «ERG» сынды компаниялар мемлекетік сатып алу порталында мүлде тіркелмейді және растауды бермейді. Демек, олардан бізге растау-хат алуға тура келеді. Бірақ құжаттарды әрі қарай қазынашылыққа жебере алмаймыз. Порталдың өзі бұл әрекетке жол бермейді, өйткені растауды ЭЦҚ арқылы өткізу керек. Файлды тіркей аламыз, ал әрі қарай жөнелте алмаймыз. Осы себептерге байланысты жобалаушылардың өтінімдері порталда «қол қойылған» статусымен тұрып қалады. Өйткені Қазынашылық және тапсырыс берушіден толық растау жоқ. Сондықтан мемлекеттік сатып алу порталында «растау» түймесін орналастыру керек», – деді «ҚазэнергоөнеркәсіптікҒЗЖИ» институты» АҚ сатып алу және сату бөлімінің бастығы Клара Тоқсанбаева.
Кәсіпкерлер бір жылдан астам уақыт бойы электрон депозитарийде жұмыс тәжірибесін растауға қатысты жүйелі проблемаларды көтеріп келеді. ҰКП мамандары мәселені 2021 жылғы 6 мамырда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтетін Бизнестің проблемалық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына шығарды. Талқылаулардың қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне осы мәселелерді қарау тапсырылды. ҰКП алаңында 2021 жылғы 11 мамырда құрылыстағы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, кейбір мәселелерді министрліктер қолдады. Алайда, ҰКП Мемлекеттік орган тарапынан нормативтік актілерге өзгерістер енгізуге қатысты енжарлығын атап өтті.
Жұмыс тобының мүшелері бизнес Қаржы министрлігінің өкілдерімен күн сайын кездесуге және электрон депозитарийдің проблемаларын шешуге көмектесуге дайын екенін атап өтті. Ұлттық палата тиісті ұсыныстарды ведомствоға жіберді.
ЭЛЕКТРОН ДЕПОЗИТАРИЙ. НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
Ұлттық палата электрон депозитарий порталына құжаттарды ұсыну процесін талдай келе 12 негізгі проблеманы анықтады:
- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының тиісті құзыретінің болмауына байланысты жұмыс тәжірибесін растаудың мүмкін еместігі.
- Растау мерзімдері, растау мерзімдері үшін жауапкершілік және өтінімдерді негізсіз қабылдамаудың болмауына байланысты тапсырыс берушілерден, сараптамалардан және МСҚБ-дан «расталды» деген статусты алу мүмкін еместігі. Мұндай статус өтінімді ҚР ҚМ Қазынашылық департаментіне қарауға жіберу мүмкін емес, себебі «ҚР ҚМ ҚД-ға растауға жіберу» түймесі жоқ.
- Мемлекеттік сараптаманың екінші растауы немесе жеке сараптама компанияларының ЭЦҚ арқылы растамасының болмауына байланысты Қазынашылықтың жұмыс тәжірибесін растаудан бас тартуы.
- Жауапкершілік деңгейін анықтаудың мүмкін еместігінен екі тұлғадан растама және өзге де растаушы құжаттар (оның ішінде жобалаушы хат) болған кезде Қазынашылықтың жұмыс тәжірибесі жөніндегі мәліметтерді кері қайтарауы.
- ЭЦҚ арқылы қол қойылған растамалардың болмауына байланысты тапсырыс берушілердің жазбаша растамалары қоса берілген мәліметтерді Қазынашылықтың қабылдамауы.
- Тапсырыс берушілердің жұмыс тәжірибесін растаудан бас тартуы және оң қорытындылардың түпнұсқасын ұсыну жөніндегі талаптарды сұрауы (2012 жылдан 2014 жылға дейінгі қорытындылар бойынша). Оң қорытындылардың веб-портал арқылы берілетінін ескерсек, сұралатын ақпараттың себебі мен нысанасы түсініксіз. Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілген өзгерістерге байланысты «Мемсараптама» РМК-ның құзыретінен Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жобалардың мемлекеттік банкіне сілтеме жасай отырып, жобалау бойынша әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растау функциясы алынып тасталды. Алайда, Мемлекеттік жобалар банкі 2021 жылдан бастап жұмыс істейді, бірақ растау 2012 жылдан бастап, яғни соңғы 10 жыл үшін қажет.
- Қаржыландыру көзіне байланысты бірқатар адамның жұмыс тәжірибесін растау қажеттілігі, дегенмен құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқығы мемлекеттік тіркеу саласындағы функцияларды орындайтын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы растау жүргізуге болады.
- Егер Тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме немесе республикалық мемлекеттік мекеме болмаса, мәліметтерді келісуге жіберуге мүмкіндік бермейтін техникалық қиындықтардың болуы.
- Мемлекеттік сатып алу порталында тіркелу болмағандықтан жеке компаниялардан, квазимемлекеттік сектор компанияларынан (АЖК, ҚТЖ) жұмыс тәжірибесін растау мүмкіндігінің болмауы.
- Веб-порталда екі растаманың болмауына байланысты (бір қағаз растама қоса беріледі, біреуі веб-порталда) Тапсырыс беруші ММ және РММ болып саналмайтын объектілер бойынша мәліметтерді қазынашылыққа келісуге веб-порталдың жібере алмауы.
- Қазынашылықтың нақтыланбаған, бұлыңғыр ескертулері әрдайым түсінікті емес, әлеуетті өнім берушілер сол олқылықтарды дұрыс жоя алмайды.
- Мемсараптама РМК-ның растауының болмауына байланысты техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растау мүмкіндігінің болмауы.
ЭЛЕКТРОН ДЕПОЗИТАРИЙ. ТӘЖІРИБЕНІ РАСТАУ:
Мемлекеттік сатып алу қағидаларында электрон депозитарийді әлеуетті өнім берушілер веб-порталға енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде Қаржы министрлігі (уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері қалыптастыратыны белгіленген. Әлеуетті өнім берушілердің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы ҚМЖ бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу дәйектілікті растауды талап етеді.
Бюджеттен тыс қаржыландырылатын объектілер бойынша тәжірибені мынадай тұлғалар растайды:
- қазынашылық органдары (пайдалануға 2014 жылғы 1 қаңтардан берілген объектілер бойынша);
- тапсырыс беруші және/немесе меншік иесі;
- сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган не мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган;
- құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган (2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша).
Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша тәжірибе мынадай түрде расталады:
- әлеуетті өнім берушінің техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар Қағидалардың 91-тармағына сәйкес қаралады;
- Тапсырыс беруші немесе меншік иесі, құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша МСҚБ органы (2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша);
- құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органымен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша);
- меншік иесінің өз бетінше салынған объектіні пайдалануға қабылдауына байланысты өзге де жеке және заңды тұлғалармен (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: