astana-view

Өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 2023 жылғы сыйлығына байқау жарияланды

2022 жылғы 11 Тамыз
4014 просмотров

2022 жылғы 13-14 шілдеде өткен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 61-ші мерейтойлық отырысында ТМД-ға мүше елдердің ұйымдарында жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің экспортын, тиімді менеджмент әдістері мен инновациялық технологияларды енгізуді ынталандыру мақсатында өнімдер мен қызметтер сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 2023 жылғы сыйлығын алуға арналған кезекті, тоғызыншы байқауы жарияланды.

Ол ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы шешімімен бекітілген өнім мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сыйлығын алуға арналған байқау туралы ережеге сәйкес екі жылда бір рет өткізіледі.

Сыйлық алуға үміткерлер мынадау шарттар бойынша өнім өндіретін және (немесе) қызмет көрсететін ұйымдар болуы мүмкін:

- байқаудың бірінші (ұлттық) кезеңінде финалға шығу;

- байқау өткізу алдында кемінде екі жыл ішінде өз өнімдері және (немесе) көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын растауы;

-ТМД-на мүше бір және одан да көп мемлекетке өнімдер және (немесе) көрсетілетін қызметтер экспортын жүзеге асыру.

Сыйлық қызметкерлер санына байланысты келесі ұйымдарға беріледі:

- 250 адамға дейін;

- 250-ден 1500 адамға дейін;

- 1500 және одан да көп адам.

қызметтің төрт бағыты бойынша:

- өндірістік мақсаттағы өнім өндіру;

- халық тұтынатын тауарлар өндіру;

- азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;

- қызметтер.

Байқау жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың байқау қатысушыларын бағалауы нәтижелері бойынша және баллмен бағалауды қолдана отырып, ұсынылған материалдарға жергілікті жерлерде сараптама жүргізу жолымен бағалау. Бұл ретте МАК байқауының екінші кезеңі бойынша жұмыстарды орындау үшін географиялық орналасуын ескере отырып, басқа мемлекеттің (тоғыспалы) екі сарапшысынан құралатын сараптамалық комиссиялардың құрамы бекітіледі.

Лауреаттар, дипломанттар, сондай-ақ арнайы сыйлыққа ие болған ұйымдарды марапаттау ТМД Атқарушы комитеті өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өткізіледі. Байқау лауреаттары мен дипломанттарына Сыйлықтың дипломдары мен жүлделері тапсырылады, сондай-ақ жарнамалық мақсатта және құжаттамада өнімді таңбалау мен оның қаптамасында Сыйлықтың эмблемасының бейнесін үш жыл бойы пайдалану құқығы беріледі.

Байқау  жеңімпаздары туралы мәліметтер Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің интернет-сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық-анықтамалық материалда жарияланады және ТМД-на мүше елдердің үкіметтеріне жолданады.

Сыйлық алуға арналған байқауға қатысу өтінімдері мен материалдар Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдар жанынан немесе сауда-өнеркәсіп палаталары жанынан (ұлттық орган байқау жариялау, ұйымдастыру және өткізу жөніндегі функцияларды берген жағдайда) құрылған комиссиялардың хатшылықтарына 2022 жылғы 15 қазанға дейін ұсынылады.

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша (https://easc.by)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер