astana-view

«Атамекен» ҰКП: мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыруда павлодарлық тәжірибені қабылдау қажет

2022 жылғы 16 Тамыз
- Павлодар облысы
6271 просмотров

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Павлодар облысының мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру тәжірибесін қабылдауға болатынын айтты.

Бұл туралы ол Павлодарда білім беру саласы басшыларының республикалық тамыз форумы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогтарының екінші панельдік секциясында айтты.

«Бизнестегі бос жұмыс орындарының 60%-дан астамы жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне қатысты. Әрбір өңірлік Кәсіпкерлер палатасында адами капиталды дамыту бөлімдері бар. Ондағы мамандар дуалды оқыту, кадрларды даярлау, патронат ұйымдастыру және басқа да көптеген мәселелермен айналысады. Сіздер олардың тұлғасынан сенімді серіктестер таба аласыздар. «Атамекеннің» аудандық филиалдарында мамандар бар.

Ә.Бейсенбенов ҚЗТО деректер қорының талдауына сәйкес, 2021 жылы Қазақстандағы мектеп түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі жақсы – 73% екенін атап өтті.

Бірақ барлық өңірлерде оқу орындарын бітірген түлектердің 30 пайызға жуығы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.

«Мәселе бар; біз оларды ең алдымен кәсіптік бағдармен байланыстырамыз. Бұл жүйелі жұмыс барлық жерде жүргізілген жоқ. Павлодар облысы ерекше, олардың тәжірибесін қабылдау керек. Мұнда екі-үш жыл бойы әр мектепте кәсіптік кеңесші жұмыс істейді; олар арнайы курстардан өтті», - деді спикер.

Ол «Атамекен» жеке колледждердің мүддесін қорғаумен, бизнес көтерген мәселелерді шешумен де айналысатынын еске салды.

«Білім беру мемлекеттік тапсырысы бойынша жұмыс істейтін жекеменшік колледж оқытушыларының еңбекақы деңгейі төмен. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісі бар, Мемлекет басшысының төрт жыл ішінде жалақыны екі есе арттыру туралы тапсырмасы бар. Бірақ жеке колледждер үшін бұл ереже жоқ. Білім министрлігі бұл бастаманы ұсынбақ болды, бірақ Қаржы министрлігі оны жібермеді. Тағы да осы норманы пысықтап көрейік және Қаржы министрлігіне жеке колледж оқытушыларының жалақысын көтеру сомасы жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінде қарастырылуы тиіс деп сендірейік», - деген ұсыныс жасады Азамат Бейсенбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер