astana-view

Алматыда автобустарға газ құю бекеттері жетпей жатыр

2022 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
5559 просмотров

Алматы қаласында жолаушылар автобусына жанармай құю бекеттері жеткіліксіз. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушілері станцияларда таңғы 04:00-тен бастап кезек күтеді.

Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, бүгінде Алматы қаласында автобустарға газ құю үшін жабдықталған 7 станция бар.

«Станциялар толық қуатының тек 20 пайызымен (тозуға байланысты) ғана жұмыс істеп тұр және күніне 650-ден астам қалалық жолаушылар автобусына (250-ден астамы әкелінген, алайда Алматы әкімдігі қозғалыс маршрутын ұсынбауына байланысты пайдаланылмай тұр) қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің ұзақтығына байланысты жүргізушілерге ыңғайсыздық туып отыр. Жүргізушілер газ құю үшін таңертеңгі сағат 04:00-ден бастап кезекке тұруға мәжбүр. Салдарынан көптеген жүргізуші жұмыстан шығып, өзге салаларға кетіп жатыр», - деп хабарлады кәсіпкерлер палатасынан.

Бизнес өкілдері мәселенің шешімі ретінде газ құю бекеттерін ашу үшін жер учаскелерін беруді сұрап отыр.

«Бекеттер ашу мақсатында жер учаскелерін бөлу жұмыстары жергілікті атқарушы органға жүктелген. Алайда, жоспарлы іс-шаралар қазіргі уақытта төмен қарқынмен жүріп жатыр. Бұл салалардың өзара үйлесімде жұмыс істемегенімен және мемлекеттік органдардың қызығушылығының төмендігімен байланысты», - деді «Атамекен» ҰКП әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Нұрбол Әшербеков.

Кәсіпкерлер палатасы ақпаратына қарағанда, Алматы қаласында газ құю бекеттерін салу «QazaqGaz» компаниясына жүктелген. Дегенмен Алматы қаласы әкімдігі жер телімдерін бөлуге және инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарын уақытылы орындамай отыр.

«Қазақстанның әлеуметтік құрылымының дамуымен Алматыда да инфрақұрылымды дамыту жалғасуы тиіс. Бұл мәселе «Алматытрансқа» ғана қатысты емес. Тағы 230 мың автобус пайдалануға берілсе, онда ауаны көріп қана қоймай, қолмен ұстап көретін боламыз.  Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы жағдайды бақылауда ұстап, мәселені шешу үшін ұсыныстары ұнады. Жұмыс тобын құру керек», – деді Кеңес төрағасы Юрий Тілеумұратов.

Кеңес отырысында қаралған екінші мәселе уәкілетті орган бұрын берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күшін жою туралы анықтамаға қатысты болды.

2013 жылы «Нұртау Темір» ЖШС  «Құрылыс материалдары» АҚ-тан өндірістік базаны пайдалану үшін нысаналы мақсаты бар өндірістік аумақтың бір бөлігін сатып алды. Бұған дейін «Құрылыс материалдары» АҚ 2013 жылға дейін болған барлық санитариялық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес қауіптіліктің II класына жататын кірпіш, тауарлық бетон, ЖБИ бұйымдары, керамзит, минералды мақта және басқа да құрылыс материалдарын өндірумен айналысқан. «Құрылыс материалдары» АҚ үшін санитариялық-қорғау аймағы тұрғын үйлерден 30 метр қашықтықта деп белгіленді.

Қазірге кезде «Нұртау Темір» ЖШС санитариялық-қорғау аймағы шекарасын өзгертпеді және аталған жер учаскесінде қоршаған орта үшін бір класқа қауіпсіз қызметті жүзеге асырады. (III қауіптілік класы). Демек іс жүзінде осы жер учаскесінің және оған іргелес аумақтың экологиялық жай-күйі жақсарды, ал СҚА өзгеріссіз қалды. Алайда, Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылғы 9 сәуірдегі №A. 05.X.kz03vbz00025897 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күшін жою үшін өзінің аумақтық бөлімшесіне сотқа талап арыз берді. Енді 300-ге жуық адам жұмыс орнынсыз қалуы мүмкін.

Осылайша, Комитет 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін СҚА бойынша ескертулер жіберген жоқ. Ал 2021 жылы №237 Санитариялық қағидаларға сәйкес СҚА мөлшерін кәсіпорын шекарасынан 300 метр қашықтықта белгілеуді талап етті. Бұл әрекеттер кәсіпорынның жұмысына қауіп төндіреді. «Нұртау Темір»" ЖШС өндірістік базаның құрылысына шамамен 10 000 000 000 теңге жұмсады, және несиелік қаражаттың қайтарылуы мүмкін болмайтыны айдан анық, яғни кәсіпорын банкрот деп жарияланады.

«Экологиялық заңнамаға сәйкес, егер сізде жұмыс істеуге рұқсат туралы қорытынды болмаса, қызметті тоқтата тұруға талап қойды, өйткені 51- бапқа сәйкес олар өз қызметін жүргізе алмайды», – деді экология басқармасының өкілі.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда шаң-тозаңға  көптеген (50-ден астам) зерттеу жүргізілді. Зерттеулерді Алматы қаласы бойынша экология департаментінің зертханасы, «Ұлттық сараптама орталығы», сапаны бақылау комитетінің зертханасы, «Ecology Expert» ЖШС зертханасы жүргізді. Барлық өлшеулердің нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардың (ШЖК) артуы анықталған жоқ.

Кеңес шешімімен мәжбүрлі банкроттықты болдырмау үшін «Нұртау Темір» ЖШС медиация тәртібімен бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Палатаға барлық сот сатыларында консультативтік құқықтық көмек көрсету ұсынылды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер