astana-view

Кәсіпкерлер мен салық органдары энергия өндіруші ұйымдардың жіктелуін анықтай алмай жүр

2022 жылғы 22 Тамыз
5124 просмотров

Бизнес өкілдері бұл жабдық десе, салық органдары құрылылыс нысаны деп бағалайды.

 Бұл мәселе 2018 жылы пайда болды. Ол кезде жабдықтар ретінде жел турбиналары мен күн панельдер түрінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар пайдалануға берілді. Осыдан кейін салық органдары генерациялау жабдықтарының жіктелуіне күмән келтірді.

«Энергия өндіруші ұйымдар әрқашан электр энергиясын өндіру және түрлендіруге арналған жабдық ретінде жіктелген. Тиісінше, бұрын мүлік салығын есептеу болған жоқ. Мемлекеттік органдармен жүйелі кездесулерге қарамастан, салық органдары өндіруші жабдық – бұл құрылыс нысаны деген позицияны ұстанады», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП базалық салалар департаментінің сарапшысы Айгүл Есқалиева.

Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысандарға еңбек нысанасын өзгертуге байланысты емес қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті ғимараттардан басқа инженерлік-құрылыс объектілері жатады.

Жіктеуіште «машиналар мен жабдықтар» класы бар, оған құрылғылар, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстарға қондырылған/орнатылған, энергияны, материалдар мен ақпаратты түрлендіретін құрылғылар кіреді.

«Осылайша, заң шығарушы электр энергиясын өндіруге және түрлендіруге арналған жабдық құрылыс нысаны емес екенін айтады. Салық қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруі бюджетті толықтыруға байланысты әрекеттер немесе жалпы үрдістерге қолайлы болмауы тиіс», – деп санайды «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Талғат Темірханов.

Сала сарапшыларының пікірінше, салық органдарының талаптары кәсіпорындарды банкроттыққа ұшыратып, электр және жылу энергиясы тарифтерінің өсуіне әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар электр станцияларының энергиясын өндіру және түрлендіру үшін объектілерді жабдықтарға немесе құрылыс нысандарына жатқызу мәселесі бойынша қорытынды дайындап жатыр.

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер