astana-view

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеспен талқыламай ҚҚС қайтарудың жаңа ережесін енгізді – Ұлттық палата

2022 жылғы 25 Тамыз
6792 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың жаңа ережесі Ұлттық палатамен алдын ала талқылаусыз, келіспей бекітілгенін мәлімдейді. ҰКП мамандары МКК  бұл мәселеде кәсіпкерлер мен «Атамекен» сарапшыларының  пікірін елемей, бизнеспен кері байланыс жасауды  ескермеді деп санайды.  Бұл жайт қазірдің өзінде проблемалар тудырған. ҰКП мамандары 2022 жылғы 28 наурызда Қаржы министрлігі бекіткен ҚҚС қайтару ережесін шұғыл түрде тоқтата тұру және кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып түзету қажеттігін талап етеді.

ҰКП мамандарының мәлімдеуінше, бұйрық жобасын ешкім талқыламаған.  ҰКП өкілдері мен кәсіпкерлерде ҚҚС қайтарудың жаңа критерийлерін Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен талдау мүмкіндігі ереже күшіне енгеннен соң бес айдан кейін пайда болды.

 «Бұйрық жобасы legalacts.egov.kz сайтында жарияланды. ҰКП-ның барлық сұрағына жауап берілді. Жаңа ереже салық салушының құқығын шектемейді. Ереже өзгерді, міндетін адал атқаратын салық төлеушіге басымдық берілген. Қайтарудың жаңа ережесінің басты талабы  – салық төлеушінің адалдығы. Біз Салық кодексіне қайшылық жасалған жоқ деп санаймыз», – деп мәлімдеді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Іңкәр Елубай.

 ҰКП мамандарының айтуынша, МКК кездесулер туралы ресми хаттарды елемеген, байланысқа бірінші басшылыққа тікелей өтінім жасалған соң шыққан.

 «Біз ережеге қатысты МКК-ға хат жаздық, жиналыс тағайындау және жобаны талқылауды сұраймыз. Сіз бізден, біз бүкіл елден жобаны жасырып, оны талқылаудан қаштыңыз.  Біз комитеттен наурыздан бастап кездесу сұрадық. Біз комитет төрағасының міндетін атқарушыға шыққанша, кездесуге келісімді ала алмадық.  ҚҚС-ті қайтару ережесін өзгерту керек. Неліктен МКК ешкім зардап шеккен жоқ дейді? Бизнес жеңілдетілген қайтарымға барғысы келмейді, өйткені бүгінде біздің елде ҚҚС жеңілдетілген қайтарымы жоқ. Кәсіпкерлерге тексеруге өтініш беріп, тексеру барысында ҚҚС-ны қайтарғаны ыңғайлы. Біз бұл жобаны бізбен бірге талқыланбағанын айтқан кезде, сіз осы бұйрық жобасын қабылдағанға дейін бізбен бірге талқылап, келісу қажет екенін айтамыз», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова.

 Жаңа ережеге сәйкес ММК бір ғана жеткізушіні емес бүкіл тізбекті тексере алады. Оның салдары сезіліп те жатыр.

 «Жаңа ережеге сәйкес, біздің сауда үйімізді тексеру кезінде «Пирамида» салық жүйесі жеткізушілерді тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл ретте нөлдік есептілік, ҚҚС бойынша декларацияны толтырумен байланысты бұзушылықтар мен қателер (қасақана не білместіктен) ҚҚС-ты уақытымен төлеп отырған кәсіпкерлерге қолданылады. Нәтижесінде ҚҚС қайтару ске аспайды, қазір бізде ҚҚС қайтаруға қатысты қиныдықтар бар,   айналым қаражатының 3 млрд-тан астам теңгесі салық органдарындағы дербес шотта қалып қойды. Біз бұл қаражатты экономикаға салып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен шикізат сатып алып, одан әрі экспорттауға болатын тауар өндіре алар едік», – деді «Шымкентмай» АҚ Бас бухгалтері Төлеген Айтбаев.

ҚҚС-ті қайтару проблемасы туралы ірі салық төлеушілер де айтты. Ірі компаниялардың бірінің айтуынша, пандемияға байланысты мәселе екі жыл бойы көтерілген жоқ. Тағы бір ірі кәсіпкерлік ZOOM-талқылау кезінде жаңа ережелерді зерттей отырып, олар ҚҚС қайтаруға үміттенбейтінін айтты. Өйткені «Пирамида» жүйесі екінші, үшінші, төртінші деңгейдегі жеткізушілерді бағалайды, дегенмен бұрын ірі кәсіпорындар үшін мұндай жеткізушілер талданбаған. Жалпы, кәсіпкерлер атап өткендей, «ҚҚС-ті қайтармау үшін барлық айла-тәсіл қолданылып жатыр». Кәсіпкерлер тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тағы бір сұрақ қойды. Қалыпты жұмыс барысында тәуекелі төмен кәсіпорындар орташа тәуекел санатына енетін жағдайлар бар.

 «Атамекен» мамандарының пікірінше,  жаңа ереже Салық кодексінің нормаларына қайшы келеді. Көптеген критерийдің мәні түсініксіз, пысықтауды қажет етеді.

 Мысалы, кірісті бір қызметкер қамтамасыз еткен кезде немесе «өзара байланысты тараптармен өзара есеп айырысу» көрсеткіші теріс тәуекел критериіне жатқызылған. Атап айтқанда, кодекстің нормаларына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасы барлық салық төлеуші үшін валюта айырбастаудың үлес салмағы бойынша есептелетіні көрсетілген. МКК қайшылықтар жоқ екенін алға тартады, басты критерий – адалдық, ал ережелерді өзгерту бойынша барлық жұмыс мүмкіндігінше көп компанияларды жеңілдетілген режимге шығаруға дайындық екені айтылды.

 «Мемлекеттік кірістер комитетінің міндеттемелері бар, онымен ешкім дауласпайды. Мәселе басқада – кәсібін адал жүргізетін компаниялар барын да ескеру керек. Әрине, компаниялардың төрттен үш бөлігі немесе ширегі салық салудан жалтаруы мүмкін. Мұнымен дауласпаймыз. Бірақ кәсібін адал жүргізетіндер де бар. Біз Ұлттық палата ретінде осы мәселеде мемлекеттік органмен әр норманы талқылап, тиімді шешім іздеу үшін үнемі байланыста болғымыз келеді, адал кәсіпкерлердің мүддесі қорғалуы керек. Қазір ірі бизнес зардап шегіп жатыр. МКК-нің оң бастамасын қолдаймыз да, бірақ екінші тараптың мүддесін ескеру керек. Бізбен талқылауға не кедергі болды?», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКп басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар мәселе бойынша түсініспеушіліктер бар екеніне келіседі, бірақ талқылауға дайын.

«Жедел тәртіпте, егер сұрақтар келіп түссе, олармен жеке форматта да пысықтауға дайынбыз. Бірлесіп баға берейік. Тәуекелдер қайда, қайда рұқсат етіледі. Хабарламалар мен нұсқамалар бойынша да біз хабарламалар шығарылған жерде біз бұл бұзушылықтарды Тәуекелдерді басқару жүйесінде ескермейміз. Біз осы сәттерге дайынбыз, егер бұл дұрыс және әділ болса және бұл жұмыс серпін, адалдық, объективтілік қалыптастырса, онда бұл ереже негізделуі керек. Егер біз бұл мәселеде түсіністік табатын болсақ, онда, әрине, кез келген нәрсені жақсарту үшін ережені де бірлесіп өзгертуге тырысамыз», – деп ҚР ҚМ МКК әкімшілендіру департаментінің директоры Қадыр Исмағұлов.

ҰКП мамандары Ұлттық палата мен Мемлекеттік кірістер комитенінің мақсаты бір екенін атап өтті. Бірақ оларға сапалы салалық сараптама жүргізіп, және нақты құрылған байланыс арналарын есепке алмай қол жеткізу мүмкін емес. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық палата бастапқыда ҚҚС қайтарудың жаңа ережелері Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына қайшы келеді және салық төлеушілер іс жүзінде ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығын жоғалтады деп мәлімдеген. Өйткені ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтаруға құқығы бар ірі салық төлеушілер үшін «Пирамида» есебін қалыптастыру тәртібі түбегейлі өзгереді, бұл оның қолданылуын салық төлеушілердің тек тікелей жеткізушілерге, сонымен қатар екінші және кейінгі деңгейдегі жеткізушілерге таратады.

  Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеске кедергі келтіретін өзгерістер қабылдаған – ҰКП

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер