astana-view

Қазақстан - Әзербайжан іскерлік кеңесінің І отырысы

2022 жылғы 25 Тамыз
3969 просмотров

Қазақстан-Әзербайжан Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы 2022 жылғы 24 тамызда Баку Бизнес орталығында өтті. Іскерлік шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапарына орай ұйымдастырылды. Шараға екі елдің 70-тен астам бизнес өкілі қатысты.

Қазақстан-Әзербайжан Іскерлік кеңесінің негізгі мақсаты – Әзербайжан және Қазақстанның іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын кеңейту.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов Әзербайжан-Қазақстан қарым-қатынастары, соның ішінде экономикалық саладағы қарым-қатынастар табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан-Әзербайжан Іскерлік кеңесінің маңызын, спикер іскерлік топтар арасындағы байланыстарды кеңейтудегі кеңестің рөлін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігін айтты. Қазіргі кезде логистика саласында Транскаспий бағыты, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойынша ынтымақтастықты кеңейту және Әзербайжан Республикасы арқылы транзиттік-логистикалық тізбекті нығайту негізгі мәселелер. Басқа да негізгі салалар қатарында құрылыс және энергетика болып белгіленген.

AZPROMO жетекшісі Юсиф Абдуллаев кеңес қызметінің негізгі бағыттары туралы сөз қозғап, кеңестің алдында тұрған міндеттердің бірі екі ел арасындағы инвестициялық белсенділікті арттыру, ынтымақтастықты кеңейту екенін айтты.  Спикер кәсіпкерлерді Қазақстан-Әзербайжан іскерлік кеңесімен белсенді ынтымақтасуға шақырды.

Екі елдің ынтымақтастығы аясында басқа да мәселелер талқыланды.

Жиында Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қойылды, оның тең төрағалары IDEA компаниясының директоры Ибрагим Алысой және FORTEBANK АҚ Ақтаудағы филиалының директоры Аббат Өрісбаев болды. Бұдан басқа, іс-шара қорытындысы бойынша бизнес өкілдері арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар мен әріптестік туралы келісімдерге, $ 11 млн сомасына 2 коммерциялық келісімшартқа қол қойылды.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға одан әрі жәрдемдесуге уағдаласты.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер