astana-view

Антикор кәсіпкерлерге қатысты тергеу амалдарын жүргізуден бас тартты

2022 жылғы 26 Тамыз
5464 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнеске қатысты 838 негізсіз іс-әрекетті жүргізуден бас тартты. Бұл туралы кәчіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысында айтылды.

Агенттік мамандары  кәсіпкерлерді ұстау, тінту және қамау жағдайларын қысқарту бойынша жұмыс сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі жаңа нұсқаулыққа сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жиынға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық жедел-тергеу құрамы, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров және өңірлік палаталардың өкілдері қатысты.

«Осы жиында кәсіпкерлердің Антрикор тергеген қылмыстық істері бойынша келесі өтініштерін арыз берушілердің қатысуымен қарайтын боламыз деп уағдаластық. Арыз берушілердің дәлелдері әрдайым негізделген бола бермейді, әр түрлі себептерге байланысты кәсіпкерге көмектесу әрдайым іске аспайды. Бірақ біз бәрін ашық талқылап, олармен кері байланыс орнатып, қандай объективті себептерге байланысты көмектесе алмайтынымызды түсіндіруіміз керек. Мұның бәрі, әрине, мемлекеттік органдарға деген сенімнің артуына ықпал етеді», – деп жазды Ербол Өстеміров өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 Спикер сондай-ақ, кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне тарту фактілеріне жол бермеу бойынша оң динамика барын атап өтті. Антикордың 15 қызметкері бизнеске қатысты негізсіз әрекеттерді жасағаны үшін жазаланды.

 Жұмыс тобының негізгі міндеті – ақпаратты жедел алу және бизнестің басқа мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдары бойынша мәселелерді алқалы түрде қарау. Кәсіпкерлер Үлттық палатаға, оның өңірлік филиалдарына, өкілдіктеріне өтініш білдіре алады. Ұлттық палата оларды жедел түрде жұмыс тобының алаңына шығаратын болады. Өтініштерді арқылы беруге болады atameken.kz сайтында «өтініш беру» терезе арқылы беруге болады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер