astana-view

Мұнай және газ өнеркәсібі алдында үлкен міндеттер тұр – Мақсат Қиқымов

2022 жылғы 02 Қыркүйек
7395 просмотров

Мақсат Қиқымов Атыраудағы KazService Мұнай сервистік компаниялар одағы ұйымдастырған жиында Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары елдің ЖІӨ қалыптастыруда саланың маңызды рөлін атап өтті.

 «ЖІӨ-нің орта есеппен 1/5 бөлігін немесе 16,4 триллион теңгені мұнай-газ секторы құрайды. Салада 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазақстанның мұнай сервистік компанияларының ірі қауымдастығында 140-қа жуық компания бар. Олар жұмыс пен қызметтің әртүрлі жеткізушілері, тауар өндірушілер, соның ішінде отандық тауар өндірушілер», – деді Мақсат Қиқымов.

Алайда, қазіргі кезде сектор алдында бірқатар сын-қатер тұр: саяси тұрақсыздық, экологиялық реттеуді қатаңдату, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі міндеттемелер бар.

«Әлемдік экономиканы технологиялық қайта жарақтандыруға бейімдеу және 2010 жылдың басынан бастап саланың цифрлық трансформациялануынан кейін, екінші онжылдыққа өтудің басталуымен өңірлік және жаһандық ауқымдағы экономиканы елеулі оқиғалар мен сын-тегеуріндер, коронавирус пандемиясы, саяси тұрақсыздық пен басқа да жайттар әлсіретті. Елдің күн тәртібінде Қазақстанның орта мерзімді перспективаға арналған жаңа экономикалық саясатын қалыптастыру, сондай-ақ экономиканы монополиясыздандыру, таза парақтан реттеу, мұнай-газ химиясы саласының ірі кәсіпорындары мен жер қойнауын пайдаланушылардың айналасында ШОБ белдеуін құру мәселесі тұр», – деді Мақсат Қиқымов.

Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы үшін Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті жұмыс істейді.  Ал 2022 жылы  мұнай-газ химиясы саласы, мұнай сервисі мен елішілік құндылықты дамыту жөніндегі бірден екі кіші комитет құрылды.

«Бүгінгі кездесу қорытындысы өз жемісін беріп, нарық қатысушыларына пайдалы болатынына, көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды тұрақты іске асыруда жаңа идеяларды әзірлеуге ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті ҰКП төрағасының орынбасары.

Кездесуде саланы дамыту мәселесі талқыланды, сондай-ақ «Қазақстанның мұнай-газ саласының 50 ықпалды адамы» рейтингі таныстырылды.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер