astana-view

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері Әулиекөл ауданының кәсіпкерлерімен кездесті

2022 жылғы 06 Қыркүйек
5433 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Әулиекөл ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.

«Қазіргі кезде өрт салдарынан бизнеске келтірілген залалды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев Фейсбуктегі парақшасында. 

Өрт салдарынан бизнестің  15 субъектісіне залал келтірілгені анықталды. Олардың барлығы шағын бизнес нысаны –  кафе, ТЖО, сауда саласы  және ауылшаруашылық тауар өндірушілері. 

 

 

«Кездесуде әркім өз шығындары туралы айтты, кейбірі бизнесінен толықтай айырылған. Қазір залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп, кәсіпкерлерді қолдау механизмі талқыланып жатыр», – деп атап өтті Данияр Күзенбаев. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры бұл жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны туралы Facebook-те тұрақты жариялап тұрады. 

Сондай-ақ, хабарламада осы мәселеге қатысты ақпаратты жинау бойынша ашық жедел желі телефондары көрсетілген: 
+ 7 777 268 47 08
+ 7 777 037 77 78 
+ 7 705 153 91 07


Еншілес ұйымдар

Серіктестер