astana-view

30 мыңнан аса жүк көліктің тасжолдағы қозғалысы шектелді

2022 жылғы 07 Қыркүйек
7651 просмотров

 Парламент Мәжілісінің көлік мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыс тобының кеңесі барысында депутаттар жүк көліктерімен (самосвал) жүк тасымалдауға тыйым салатын түзетуді мақұлдады. Енді көлікке тиелген жүктің массасы заңнамамен белгіленген нормадан асқан жағдайда көлікке жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелерімен жүруге тыйым салынады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП мамандары бұл бастамаға қарыы шықты. Түзету енгізілсе, 30 мыңнан аса үлкен жүк көлігі массалық шектеуді сақтау (салмақ шегін асырмай) кезінде де қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.  

 «Мұндай тыйымдардың мақсаты не? Еуропадағы көптеген елде жүк көліктері (осьтік жүктемені асырмай) автобандармен демалыс күндерден басқа күндері еркін жүре алады, маусымдық шектеулер ғана бар. Жүк көліктерін  (самосвал) пайдалануды шектеуге болмайды, бизнес үшін, тұтастай алғанда ел экономикасы үшін тәуекелдер пайда болады. Соның салдары соңғы тұтынушылар үшін тұрғын үй құрылысының мерзімі мен құнына әсер етеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова.

 ҰКП мамандары бұл түзету қабылданса, Мемлекет басшысының жаңа көлік инфрақұрылымы жобаларын дамыту, жаңа тұрғын үй, жолдар салу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру тоқтап қалуы мүмкін ден санайды. Бұл тасымалдау құнының өсуі және жеткізу тізбегіндегі ақауларға байланысты орын алуы мүмкін.

 «Жүк көліктер (самосвал)  – құрылыс пен басқа да нысандардың қажеттілігіне инертті материалдарды тасымалдауын жүзеге асыратын негізгі көлік түрі. Көліктер қызметіне тыйым салу немесе шектеу мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін теріс, тіпті мультипликативті әсер етеді», – деп атап өтті Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қобланбек Қожин.

Сондай-ақ, тыйым салу көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерде көрсетілген жүк көліктің массалық жүк көтергіштігін өзгерту бойынша сыбайлас жемқорлық схемаларының әрекеттерін ұлғайтуға әкелуі мүмкін. Бұл айла депутаттар ұсынған норманы айналып өтуге мүмкіндік береді.

 «ҰКП Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын қолдайды. Дегенмен құм, тас таситын жүк көліктің рұқсат етілген салмақтық жүктемеден асырмай жүк тасымалдауын көздейтін қолданыстағы тәртіптің сақталуын талап етеді. Бүгінде рұқсат етілген жүктемелерден асып кеткені үшін мөлшері үлкен айыппұлдар ақарастырылығанын атап өткен жөн. Қазіргі проблемалардың нақты себебі мемлекеттік реттеудің жетіспеушілігінде емес, уәкілетті орган тарапынан бақылаудың жолға қойылмағанында болып отыр», – деп атап өтті спикер.

Тыйым әлеуметтік шиеленіске әкеп, ауыр жүк көліктері иелері тарапынан, сондай-ақ көлік қызметін тұтынушылар тарапынан да әділ наразылық тудырады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер