astana-view

Агроөнеркәсіп кешені комитетінің жаңа мүшелері тағайындалды

2022 жылғы 07 Қыркүйек
6763 просмотров

Бүгін Ұлттық палата алаңында Агроөнеркәсіп кешені комитетінің кезекті отырысы өтіп, комитеттің жаңа мүшелері тағайындалды. Шаруалардың мәселелері және отандық кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы талқыланды.

Комитет төрағасы Жигули Дайрабаев комитет құрамына кіруге өтініш берген тұлғаларды таныстырып, сырттай дауыс беруге 15 мүше қатысқанын атап өтті.

«Тұқым өсірушілердің республикалық палатасы» ЗТБ басшысы Фарид Әбітаев Комитеттің құрамына дауыс беру құқығымен, «Табиғат» аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері ҚБ» ЗТБ басшысы Айтуар Туғанбеков «кеңесші дауыс беру» құқығымен қосылды.

Сондай-ақ, Ұлттық палатаның АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев биылғы Үкімет басшысының қатысуымен өткен агроөнеркәсіп мәселесі бойынша отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында көтерілген мәселелерге тоқталды.

«Үкімет басшысымен өткен жиынға қауымдастық басшылары емес, кәдімгі кәсіпкерлер қатысты. Олар инфрақұрылым, өнімді сақтау, жанар-жағармай жеткіліксіздігін көтерді. Құс өсірушілер баға мәселесін жеткізіп, оны шешудің жолдарын айтты. Бұдан бөлек қант және кадр жеткіліксіздігі секілді проблемалар талқыланды. Нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір айдың ішінде субсидия реформасына қатысты ұсыныс беру тапсырылды. Премьер кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеруді тапсырды», – деп атап өтті Ербол Есенеев.

Үкімет мүшелері ұсыныстарын бизнеспен талқылауға дайын және олар АӨК комитетінің отырысында қаралады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер