Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мамандар «Атамекен» ҰКП алаңында әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша тренингке қатысты
«Атамекен» ҰКП алаңында өңірлік кәсіпкерлер палатасынан 100-ден астам маман, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының консультанттары, сондай-ақ жергілікті билік органдарының кәсіпкерлік басқармаларының өкілдеріне арналған әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқу тренингі өтті.
Тренингтің негізгі міндеті – әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және заң мен нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат беру.
«Green Tal» әлеуметтік шеберханасының, әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төрағасы Эмин Әскеровтың айтуынша, қазіргі кезде азаматтық қоғам тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне деген қызығушылық артты. Енді осы бағытың дамуына жағдай жасау қалып отыр: өнімді өткізуге көмектесу, жеңілдікті шарттармен орынжайларды беру, гранттар, оқу бағдарламалары, білім беру бағдарламалары, жалпы, адамдардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосуына ықпал ету үшін әртүрлі преференцияларды қарастыру керек.
«Тренинг барысында заң талқыланып, олардың негізінде ұсыным дайындау үшін деңгейге ұсыныстар әзірленді. Мемлекеттік қызметкерлердің мәселелерді жергілікті деңгейде білетіні қуантты. Біздің міндетіміз қандай проблемалар барын біліп, оларды талқылау үшін басқа деңгейге көтергені өте жақсы», – деді спикер.
«Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікпен негізінен әйелдер айналысады, олардың 70%-дан астамы осы салада. Бұл сала әйелдер өз әлеуетін ашатын және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосатын ниша. Осыған байланысты, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары үшін бұл оқыту, кеңес беру түрінде көмек көрсете алатын негізгі бағыттардың бірі», – деді кәсіпкерлікті дамыту орталықтарының басшысы Нәзира Жақыпбаева.
«Жергілікті жерлердегі мамандар қазақстандықтардың әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне ену және бизнесті дамыту мүмкіндіктері көбірек болуы үшін қандай нормаларды пысықтау қажет екенін жақсы біліп отыр», – деп есептейді «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменті директорының орынбасары – басқарушы директор Салтанат Әбдікәрімова.
Тізілімге кіру үшін үміткер комиссия қарайтын құжаттар пакетін жинауы керек. Тізімге енгеннен кейін әлеуметтік кәсіпкерлер үшін жеңілідктерге ие болуға болады.
«Оқу өте қызықты өтті. Тренерлер тек өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, көптеген пайдалы кеңестерді естідік, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша нақты кейстерді пысықтадық, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа өңірлердегі әріптестермен әңгімелестік», – деп атап өтті үзіліс кезінде ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының маманы Дина Карменова.
Іс-шара ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның бірлесуімен, БҰҰДБ жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Ерік Жамбылов ашты.
Әлеуметтік кәсіпкерлік – өзін-өзі өтеу және тұарқытылқ жағдайларында қоғамдағы өзекті проблемаларды шешуге немесе жұмсартуға бағытталған қызмет. Кәсіпкерлік пен қайырымдылықтың ирғысында клеуметтік бағыт пен кәсіпкерлік тәсілді біріктіреді. 2022 жылдың 1 қаңтарында Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң күшіне енді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: