Ұлттық палата трансформациясы: «Атамекен» 9 жылдығын негізгі бес бағытпен қарсы алды
Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 9 жыл толды. Палата осы уақыт ішінде тиісті нәтижелерге қол жеткізіп, дербес институт ретінде қалыптасты. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 8 пайызға өсті.
«Атамекен» 1,4+ миллион кәсіпкерді біріктіреді және Ұлттық палатада 199 қауымдастық (одақ) тіркелген. Қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесті қорғау бағдарламасы бойынша 230,2 млрд теңгені сақтауға көмектесті (айыппұлдар алынып тасталды, активтерді қайтару және т.б.). Бизнестен қорғау жүйесі бойынша кәсіпкерлерден 18 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың 43% шешілді.
Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Ұлттық палатаның орталық аппараты, өңірдегі филиалдары және еншілес ұйымдарының қызметкерлерін құттықтап, ұйымның алдындағы трансформацияның маңызына тоқталды.
«Соңғы уақытта жұмыс өте ауыр болды, бірақ бұл біздің қаншалықты мықты екенімізді, қиын уақытта бір-бірімізге иық тіреудің қаншалық маңызды екенін тағы бір рет көрсетті. «Атамекен» палатасының күші де осы. Палата қазір өзгеріп жатыр. Оны бизнес түсінуі керек», – деді басшы.
Райымбек Баталов, ең алдымен, өңірдегі филиалдарды дамыту керегін атап өтті. Себебі олар аймақтағы кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істейді. Бүгінде 20-ға жуық филиал бар. Айта кетейік, «Атамекеннің» Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында өкілдіктері ашылды.
Сонымен қатар, Ұлттық палата трансформациясының 5 бағытына тоқталды:
- Шағын-микро бизнес;
- Орта және ірі бизнес;
- Бизнесті қорғау (сот, құқықтық, салық реформасы);
- Адами капитал;
- Трансформацияның өзі – жобалық тәсіл , цифрландыру және т.б.
«Мемлекет басшысының жолдауында біз көтеріп жүрген мәселелер айтылды. Яғни, билік біздің уәжімізді назарға алады... Мемлекет бизнестің қалауына құлақ асады. Жалпы осы бағыттарды негізге ала отырып, трансформацияны жалғастырамыз. Сонымен қатар, біздің энергетика, көлік, АӨК бірнеше салалары бойынша жобаларымыз бар. Бұл бағыттардың бәрінде де нәтиже көрсетуіміз керек», – деп тоқталды Райымбек Баталов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: