astana-view

ҰКП Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында әйелдерге 21 мыңнан астам қызмет көрсетілді

2022 жылғы 22 Қыркүйек
6074 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің жұмысы туралы Райымбек Баталов әйелдер кәсіпкерлігінің IV конгресінде айтты

«Атамекен» ҰКП басшысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері 7 жыл ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын әйелдерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан қуатты кәсіпкерлік алаң ретінде қалыптасқанын атап өтті.

 Кеңестің қолдауымен «Бір ауыл – бір өнім» жоба іске асырылып жатыр. Оның аясында 2,9 мың әйел оқып шықты. 2022 жылдың наурызында Кәсіпкерлер палатасының базасында елдің барлық өңірінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөнінде 17 орталық ашылды. Бұл орталықтар кәсіпкер әйелдерге қаржылай емес қолдаудың алаңына айналды. 7,3 мыңнан астам әйел консультация алды, 21,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, іскер әйелдер кеңесі 170 жас кәсіпкерді тәлімгерлікпен қамтамасыз етті.

«Бізде әйелдер кәсіпкерлігі өте белсенді дамып келеді. Мен 30 жыл бизнесте жүрмін және менің сенімді серіктестерімінің бірі – әйелдер. Егер 3 мыңға жуық әйелді лидерлікке, әйелдердің өз қабілеттеріне деген сенімін арттыруға үйрету мүмкін болса және олардың бір бөлігі қадам басып, шешімін тапса, дерек бағдарлама өз тиімділігін көрсеткені. Оқытуды жалғастырамыз, әйелдер оқыту бағдарламаларын іске асыратын болады. Біз орталықтардың тиімді екенін көріп отырмыз және әрі қарай да жұмыс істеуіміз керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Екі жоба да Азия Даму банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен іске асырылады.

«Біз Ұлттық экономика министрлігі, Азия Даму банкі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшыларымен және БҰҰ-әйелдер құрылымымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз. Сіздердің белсенді қатысуыңызбен соңғы жылдары әйелдер кәсіпкерлігін серпінді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған бірқатар жобалар табысты іске асырылып жатыр. Бірлескен жобаларды одан әрі табысты жүзеге асыруға үміттенемін және өз тарапымнан жан-жақты көмек көрсетуге дайынмын», – деп атап өтті спикер.

Райымбек Баталов Кәсіпкерлер палатасында ҰКП Төралқасы жанынан Әйелдер кәсіпкерлігі комитетін құру мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Осындай маңызды алаңды ұсыну кәсіпкерліктің көптеген мәселесін шешуге елдегі барлық прогрессивті әйелдер күшін біріктіруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Белсенді азаматтық позицияңыз, Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін тағы да алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер», – деді ҰКП басшысы.

Іс-шара шеңберінде іскер әйелдер кеңесінің өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова II дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен, Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева II дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы Светлана Оңғарбаева, Жетісу облысы іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Сурям Изимова алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер