astana-view

Сарапшылар отандық химия өнеркәсібін дамыту шараларын талқылады

2022 жылғы 23 Қыркүйек
3656 просмотров

Kazakhstan Industry Week өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі аясында сарапшылар мен өндірушілер отандық химия саласын дамыту мәселелерін талқылады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда өнімнің химиялық түрлері нарығының көлемі 804,2 млрд теңгені құрады. Отандық тауар өндірушілердің үлесі өсіп, 9,3%-ды құрады, онда импорттық өнімнің үлесі 90,7%-ға тең. 2022 жылғы деректер бойынша салалық өндірістің ең көп үлесі «өнеркәсіпке арналған химикаттар» секторына – 65,4%, агрохимия – 22,1%, «базалық мұнай-химия» секторына – 11,5% және басқасы  – 0,9% тиесілі. Химия саласы өндірісінің көлемі 400,2 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 58,7%-ға жоғары.

Оң динамика және отандық тауар өндірушілердің өсуіне қарамастан, бүгінде негізінен елде шикізат пен төмен өңделген өнім экспортталады. Өз кезегінде қосылған құны жоғары өнім болса импортталады. 2022 жылғы қаңтар-мамырда ақшалай мәндегі химиялық өнімнің экспорты 559,5 млн долларды құрады.  Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 47,0%-ға жоғары. Химия өнімдерінің импорты 1620,8 млн долларды құрады. Бұл 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштен 24,5%-ға жоғары.

Сала өкілдері дамуды жалғастыру үшін нарық ойыншыларының қаржыға қол жеткізу мәселесін шешу, шикізатты ішкі тұтынушы үшін қолжетімді ету қажет деп санайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры Ернар Жақашев реттелетін сатып алулар жеткізушілер, соның ішінде жұмыс орындарын құратын және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін отандық өндірушілердің қолдау үшін маңызды құрал екенін атап өтті.

«2021 жылы жергілікті атқарушы органдар үшін химия, фармацевтика, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі тауарларын сатып алу кезінде ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жыл сайынғы өсімі 5% жоспарлы нысаналы индикатор бекітілді. Химия өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіштер 2021 жылға – 36,2%, 2022 жылға – 41,2%, 2023 жылға – 46,2%-ды құрайды. Жоспарлы нысаналы индикаторларға қол жеткізу жергілікті қамту/ел ішіндегі құндылық үлесін бақылау жөніндегі комиссияның тұрақты бақылауында. Бұл комиссия құрамына мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері кіреді», – деді спикер.

 Отандық өндірушілерді қолдауда тағы бір шара – оларды қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босату, оның ішінде авансты қайтару, міндетті аванс-шарт сомасының кемінде 30%-ы, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу шеңберінде 5 жұмыс күні ішінде есеп айырысу міндеттері.

Ернар Жақашев «Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік органдар және бизнеспен бірлесіп химия саласының түйткілді мәселелерін пысықтап жатқанын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер