astana-view

«Қазақстан әлем нарығын жаулай алады». Израиль қазақстандықтардың агро салада білім алуына көмек көрсетуге дайын

2022 жылғы 05 Қазан
10921 просмотров

Тамақ – болашақтың мұнайы мен газы, ал Қазақстанның осы салада әлемде жоғары позицияға ие болар әлеуеті зор. Ол үшін заманауи технологиялар мен білікті мамандар керек. Израиль үкіметі Қазақстаннан келген студенттерге агро салада білім алуына көмек көрсетуге дайын. Екі елдің ынытмақтастығындағы басқа мүмкіндіктер жайында  «Израиль – Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михэль Роэ айтып берді.

 Қазақстанның әлемді жаулап алуға мүмкіндігі зор

Сарапшының айтуынша, Қазақстанның агро өнімнің түр-түрін өндіруде рекорд жаңартып, әлемді жаулап алу әлеуеті зор. Ол үшін Қазақстанда жер, су, күн – табиғаттың барлық ресурсы бар.

«Қазақстанның дамуы Израиль дамуына ұқсайды. Екі ел бірдей жолмен келе жатыр. Израиль жас мемлекет болған кезде біздің үкімет АгроЭкско ұйымын құрды. Бұл келешектегі экспорт үшін жасалған инфрақұрылым еді. Жеріміздің  60 пайызы – шөл дала. Қазір қияр-қызанақтан бастап картоп, пияз, жемістерге дейін бәрін өсіреміз. Біз 1 млрд долларға өнім экспорттаймыз. Ал сіздерге ауа райы тұрғысынан мүмкіндік көбірек. Израиль сарапшылары Шымкент - Алматы бағытында көп сапарлайды, бос жатқан жерді көріп: «Бізде неге осынша жер жоқ. Біз бай болар едік» деп таңғалады. Тамақ – келешектің мұнайы, алтыны. Әлем халқы аш. Қазақстанның әлемді жаулап алуда мүмкіндігі зор», – деп атап өтті Израиль сарапшысы.

 Мамандар, технологиялар және зияткерлік хаб

Бұл межеге жету үшін білікті мамандар мен заманауи технологиялар керек, агро салада инфрақұрылым салу қажет. Израильдік сарапшылар университеттер арқылы, мысалы, Шымкентте, тамшылатып суаруды ойлап тапқан, шие қызанақтарын өсіретін әлемдегі ең заманауи университеттің израильдік оқыту жүйесі бойынша зияткерлік хаб салғысы келеді. Болашақта бұл хаб Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан студенттері үшін орталыққа айналады.

«Қазір жергілікті халық жұмыс істеуі үшін мамандарды оқыту керек. Маған Израильден агрономды шақыру қиынға соқпайды, бірақ оларға тәулігіне 300 доллар төлеуге тура келеді. «Қымбат» маманды шақырғаннан гөрі, жергілікті мамандарды оқытып, дайындағаным артық. Оларға дұрыс инфрақұрылымды ғана құрып беру керек. Өскелең ұрпақ – білімді адамдар, оларға мүмкіндік беру керек. Сондықтан Израиль жүйесінің негізінде жер, тұқымнан бастап, өнімді сөреге дейін жеткізетін инфрақұрылым құру керек», – деді Михаэль Роэ.

Израильде кім оқи алады

Бакалавр және магистратура түлектері Израильге барып, үш-төрт айдың ішінде жүйені үйреніп, тәжірибеден өте алады. Содан кейін олар Қазақстанға оралып, жергілікті мамандарды оқытатын болады. Я болмаса, басқа да тәжірибе алмасу жолдарын қарастыру жоспарланып отыр.

«Израильдегі институт Қазақстан студенттері үшін орыс тілінде бағдарламалар дайындай алады, сонымен қатар ағылшын тілінде бағдарламалар бар. Егер ағылшын тілінде PhD алғысы келетіндер болса, онда олардың бастапқы деңгейі израильдік студенттердің деңгейіне сәйкес келуі керек. Мұнда біз 2-3 айда деңгейді өсіріп, көтеруге дайынбыз», – деді Михаэль Роэ.

Израиль Қазақстаннан келген студенттерге қолдау көрсетуге дайын

Израиль жылына 15-20 қазақстандық студенттің оқу ақысын субсидиялауға дайын. Оқу бағасы Польша, Германия және Еуропаның көптеген басқа елімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

 Бұл бағытта «Атамекен» және Қазақстан үкіметі не істей алады

Сарапшының пікірінше, food тақырыбы қазір әлемде бірінші орында тұрған мәселе екенін түсіну керек. Қазақстандық өнімдерді Еуропа мен Америкаға сатуға болады. Себебі, отандық өнімнің сапасы шетелдіктерді таңдандыруда. «Атамекен» ҰКП қолдауымен инвесторларды іздеу, жерді пайдалану мәселелерін шешуге болады.

 Tashenev University израильдік мамандармен ынтымақтасуға дайын

Қазақстанның оңтүстігіндегі университет Иерусалимнің Еврей университетімен білім беру бағдарламалары бойынша өзара іс-қимыл жасауға дайын. Мысалы: ауыл шаруашылығы; азық-түлік; су ресурстары және экология салаларын дамытуға болады. «Ауыл шаруашылығы» бағытын дамыту шеңберінде Академиялық зертханалар мен Израиль факультетіндегі ұқсас жүйемен үйлесімді академиялық емес зерттеулер мен әзірлемелер орталығын қамтитын процестерді зерттеу орталығын салу жоспарланған.

«Осындай ынтымақатстықтың идеясы – Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылығын дамыту және су ресурстарын үнемдеуге бағытталған білім беру және ғылыми хаб құру екенін атап өту маңызды.Біздің универистет ғылыми-зерттеу инфрақұрылым ретінде жобаға қатысуды жоспарлап отыр. Басқаша айтқанда, стратегиялық мемлекеттік мүдде мен сала өкілдерін байланыстырушы көпір болады. Жетекші елдерде тапсырыс және салалық кәсіпорындар мен бизнес-сектордың қажеттіліктері бойынша ғылыми, зерттеу ізденістер дәл осылай қалыптасатыны белгілі», – деп атап өтті университет президенті Серік Оңалбайұлы.

Tashenev University мәліметінше, қазір оқу орнына ауыл шаруашылығы саласындағы көптеген кәсіпкер мен маман жүгінген. Олар ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының да, мал шаруашылығының да тиімділігін арттыру мәселесінде заманауи технологияларды тартудың қиындықтарына тап болған. Осы технологияларды қолданатын кәсіпкерлер жергілікті мамандардың әлемдік біліктілік стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты шет елдерден ғылыми-консультациялық қолдауына жүгінуге мәжбүр. Бұл процесс қымбатқа түседі, көп жағдайда кәсіпкер өтелмейтін қаржылық шығындарды көтереді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер