Ұлттық палата BORN NOMAD жобасының жеңімпазына 1 млн теңге табыс етті
13 қазанда Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында Халықаралық қолөнершілер форумының ресми ашылуы өтті.
Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ержан Еркінбаев, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвэйдж, қолөнер, дизайн және өмір салты бойынша сарапшы, Harper's Bazaar және Vogue (АҚШ) басылымдарының редакторы және журналисі Эчавариа Марселла сөз сөйледі. Барлық баяндамашылар қолөнер саласының туризмді, әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың, елдің болмысын қалыптастырудың, ұлттың мәдени кодын сақтаудың ұйытқысы ретіндегі маңыздылығын айтты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева қолөнер саласын коммерцияландыру мүмкіндіктерін, қордаланған түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын айтты.
«Қолөнер – шығармашылық индустриясының өте маңызды саласы. Орналасқан жерімен танысу кәдесыйдан басталады. Кәдесыйлардың тартымдылығы, туристердің көңілнен шығуы қолөнершіге байланысты», – дейді Юлия Якупбаева.
Қолөнер – жұмыспен қамтудың, оның ішінде ауыл тұрғындары үшін жаңа ниша.
«Біз әлеуетті тұтынушылар көріп, тапсырыс беру үшін өз таңдауын жасай алатын көрмелердің өтіп жатқанына қуаныштымыз. Овертуризмге қатысты қалыптасқан жағдай жаңа тапсырыстар алуға және коммерцияландыру жолдарын табуға мүмкіндік береді», – деді спикер.
«Атамекен» ҰКП екінші жыл қатарынан «Туған көшпенділер» жобасын қолдап келеді. Өткен жылы жобаға 2000-нан астам шығармашылық адам тартылды, 410 қолөнерші білім қорын толықтырып, іскерлік дағдыларын жетілдірді. Байқау дәстүрлі қолөнерді ілгерілету және мәдени мұраны сақтау арқылы әйелдердің экономикалық дамуы мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған «Қолөнерді кеңейту» кең жобасының бір бөлігі болып табылады.
2022 жылы Born Nomad Power Awards бас жүлдесі – «Атамекен» ҰКП-ның 1 миллион теңгелік сертификаты қолөнерші Анар Бексұлтановаға берілді. Анар қолымен емес, аяқ ұшымен бұйымдар тігумен айналысады.
«Екі қолдың жоғы маған өмірде көптеген нәрсеге тоқсауыл болды. Жоғары білімім болса да, мүгедектігіммен қызметке алмады. Тоқтамадым, Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейінде 20 жылдан астам экскурсияшы болдым. Қазір менің «Анар Бексұлтан. Әдемі қыз жасауы» деген кәсібім бар. Қолөнер сұраныста, кәсібім арқылы мемлекеттен қолдау алдым. Әр грант алған сайын алға ұмтыламын. Қазір «Шебер шаңырақ» мүгедектер бірлестігін аштым. Кәсіп бастауда «Атамекен» палатасына жиі барып тұрамын, бизнесті жүргізуде көптеген консультация аламын. Осы байқау жайында да кәсіпкерлер палатасынан естіп, қатыстық. Міне жеңімпаз атанып отырмын», - деп Анар Бексұлтан марапаттан кейінгі эмоцияларымен бөлісті.
«Ұлттық палата BONN NOMAD POWER AWARDS жобасы аясында қолөнер саласына қолдап келеді. Өткен жылы қолөнерді қалай жасаудан бастап, ақша табу, кәсіппен айналысуға қатысты оқуға 2000 қолөнерші қатысты. Биыл әрбір қолөнершінің жобамен танысуын мақсат етіп, біз бұл жобамен әр аудан, ауылды қамтуға көмектестік. Біз өз бизнесін алға ілгерілету мақсатында жоба жеңімпазын қолдау мақсатында 1 миллион теңге көлемінде арнайы сыйлық дайындадық. Біз өткен жылдардағы барлық қатысушылармен байланыстамыз, қолдау көрсетеміз. Олардың көпшілігі білімдерін кеңейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр», – деді «Атамекен» ҰКП Жұмыспен қамту департаментінің директоры Айдана Тоғызбаева.
«Отандық қолөнершілікті дамыту жолдары мен мүмкіндіктері» атты пікірталас сессиясының пленарлық бөлімінде қолөнершілікті коммерцияландыру, шеберлерді біріктіру, негізгі міндеттерді шешу қажеттілігі туралы Туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова айтты.
«ҰКП туризм және қолөнер мәселелеріне жан-жақты қарайды. Қазіргі кезде біздің бастамамыз бойынша Үкімет деңгейіне көтерілген бірқатар түйткілді мәселе бар, олар ішінара қолдау тапты», – деді Дамиля Құнанова.
Алғашқы нәтижелермен Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова бөлісті.
«Қолөнерді дамыту қарқын алуда, өткен аптада Дүниежүзілік қолөнер кеңесіне Алматыны қолөнер қаласы ретінде қосу туралы өтініш хатқа қол қойылды», – деп түйіндеді сөзін Айжан Бекқұлова.
Шара аясында Тараз қаласына алғаш рет «Әлемдік жүн мен киіз қаласы» атағы берілді.
Сондай-ақ, Форум аясында «Aigul Line» ЖШС директоры, «Qazaq-Oner» ұлттық қауымдастығының президенті Айгүл Жансерікова қолөнершілерге гранттар, субсидиялар түрінде орасан зор мемлекеттік қолдау және жеке алаң құру қажеттігін атап өтті. 14-15 қыркүйекте форум семинарлар, шеберлік сабақтары және жәрмеңке аясында өз жұмысын жалғастырады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: