Кәсіпкерлер Президенттің шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бастамасын қолдауға дайын
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезінің аясында бизнес қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына қатысты пікір білдірді.
«Еуразиялық ивент қауымдастығы» ЗТБ төрайымы, Астана қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Сәмидин Мемлекет басшысының сайлау алдында ұсынған реформаларында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін айтты.
«Бағдарламада кәсіпкерлер санын 5 млн-ға дейін арттыру айтылған. Бұл –тамаша бастама. Сонымен қатар, креатив индустрияны қолдауға көңіл бөлінген. Қазақстан шикізат елі деп қалыптасқан стеориотиптен арылуымыз керек. Креатив және зияткер қоғамдастықты дамыту мүмкіндігі бар. Қазіргі Президент – креатив индустрияның бастамашысы. Тұжырымдама жазылған, енді іс-қимыл қадамдарын одан әрі пысықтау қажет», – деп атап өтті спикер.
Астана қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Президенттің отбасы мен балаларды қорғау қажеттілігі туралы мәлімдемесін уақытында жасалған бастама екенін атап өтті.
«Әйелдерге отбасы берекесі маңызды. Бұл шаралар қыз-келіншектерді қорғауға бағытталған, тұрмыстық зорлық туралы заң пысықталып жатыр. Мұндай маңызды құжат жақын арада қабылданады деп үміттенемін. Сонымен қатар, балаларға Ұлттық қордан қаражат бөліне бастайды, мектептер салынып жатыр, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 жасқа дейін ұлғаяды», – деді спикер.
Сәуле Самидиннің айтуынша, Мемлекет басшысының барлық бастамасы уақытылы қолға алынып отыр және бұл тенденция елімізді жаңа деңгейге көтереді.
Сонымен қатар, кәсіпкер мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы байланыстырушы – «Атамекен» ҰКП қызметін атап өтті.
«Мен Ұлттық палатамен екі жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Палата арқылы заңнамалық актілер мен НҚА-дағы өзгерістер туралы хабардар боласың. Заңға қатысты пікір мен ескертпелерді талқыға салуға болады. Сондықтан осы алаң – тиімді әрі кәсіпкерлер үшін қажет тетік. Себебі қазір мемлекеттік саясатта ғана емес, кәсіпкерлік үлкен рөл атқаратын экономикада да реформалар жүріп жатыр. Сондықтан мен Ұлттық палатаның кейбір позициясын күшейтуді, ҰКП арқылы бірігуі тиіс кәсіпкерлік қоғамдастықты күшейтуді ұсынамын. Қауымдастықтар қандай да бір салаға басымдық бермей барлық салаға әсер етуі керек», – деп түйіндеді спикер.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: