Ұлттық палатада сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс тобы құрылды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оған қауымдастықтар мен бизнестің 87 өкілі кірді.
Қазіргі кезде бизнес-қоғамдастықтан ұсыныстар қабылданып жатыр. Жаңа заң тұжырымдамасының жобасын бизнеспен бірлесіп талқылау жұмысын бастау жоспарланған.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Қауіпсіз қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 18-тармағында:
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның қабылдануы, оның ішінде: сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан сапа басымдығы;
- барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымды сатып алудың бірыңғай платформасына көшіру көзделген.
Тапсырманы іске асыру мерзімі – 2023 жылғы қыркүйек, 2023 жылғы желтоқсан, 2024 жылғы наурыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: